Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
«Таңдау» таңдандыра біледі - АРҚА АЖАРЫ

«Таңдау» таңдандыра біледі

Ақмола облысы бойынша «Орта білім беретін үздік ұйым» облыстық конкурсына қатысып, жеңімпаз атанған Көкшетау қалалық білім бөліміне қарасты №5 «Таңдау» көпсалалы мектеп гимназиясының алдына қойған мақсаты – әрдайым үздіктер қатарынан көріну. 

Ақылдың асқарынан орын алған  білімнің мөлдір бұлағына айналу үшін күш салуымыз қажет, ал, ол үлкен ұжымдық еңбекті талап етеді, – деп сөз бастады мектеп басшысы Дина Башарова.
Ескі әдістермен сабақ бере отырып, бәсекеге қабілетті буынды қалыптастырамыз деу бос әурешілік. Күн санап дамыған технологиялар тілін ұғынып үлгермей жатып, жаңасы жылт ете қалатын жарықтың жылдамдығындай зымыран уақыт туып отыр. Біздер барлық жағынан осы өзгерістердің қимылын бағып, әрекетімізді жаңаның талабының талғамына бір сынатып алудан қашқан емеспіз. Еткен еңбектің, төккен тердің өтеуі – болашағынан барлық жақсылықты күтуге болатын білімді ұрпақ, одан әрі білікті маман. Сол себепті, біздің №5 «Таңдау» көпсалалы мектеп гимназиясы еліміздің білім беру саласындағы тың жаңалықтардың оң бағытта жүзеге асуы үшін еңбек етуде. Мәселен, біздің мектебіміз Ақмола облысы бойынша алғашқылардың бірі болып, 2008 жылдан бері Алматы қаласындағы Гёте институты және «Школа-парт-нер» ұйымының жүргізіп келе жатқан халықаралық тәжірибесіне қатысып келеді. Яғни, біздің шәкірттеріміз үш тілден басқа неміс тілін меңгеріп отыр деген сөз. Ал, 2014 жылдан мектепте «Жан басына шаққандағы пилоттық режим» тәжірибелік алаңы жүргізіліп келеді. Бұл дегеніміз, білім беру ордасының жеке бюджетіне берілетін соманы мектепте оқитын бала саны көрсеткішімен анықтайды. Оған қоса, облыс әкімі мен «КазРосГаз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің арасындағы келісім нәтижесінде, тараптардың ұсынысымен гимназиямыз 2014 жылы «Ұлттық гимназиялар ұйымына» енді. Жоба аясында Ұлттық гимназиялар ұйымы Қазақстан мен Ресей гимназияларының арасында бейнеконференция өткізіп тұрады. Нәтижесінде, біздің шәкірттеріміз шет елдегі өздерінің құрдастарымен білім деңгейін салыстыра алады. Соңғы қолға алған жобамыз, ол әрине, электронды күнделік және  көп тілде білім беру. Көп тілде білім беру жобасы қазіргі таңда 7-8 сыныптар арасында  жүргізілуде. Нәтижесін көрер күн де алыс емес.
Бірнеше жобаны игеріп, мол білімді баланың бойына сіңіру  оңайға соқпайтындығын ескерген біз, мектеп басшысына мынадай сауал қойдық:
–Білімді шәкіртті даярлау үшін білікті ұстаз қажет, мұғалімдер құрамы туралы айтып өтсеңіз?
– Мектептің педагогтік құрамы 79 адамнан тұрады. Олардың басым көпшілігі жоғары біліктілікке ие. Жұмыс істеу өтілі 20 жылдан асқан тәжірибелі ұстаздар сабақ береді. 17 ұстазымыз деңгейлік оқуларды оқыған, оның 4-уі бірінші санаттағы жаттықтырушы ұстаздар есебінде жаңаша оқу бағдарламаларын ұжымның басқа мүшелеріне үйретіп отырады. Сәйкесінше, деңгейлік оқуды бітірген мұғалімдерден құралған арнайы кафедра аштық.
Жаңа сөз басында өздеріңізде айттыңыздар емес пе, заманынан озып туар ұрпақ тәрбиелеу үшін, озық мектеп дәрежесін сақтамақ керек деп. Сол дәрежені ұстап тұру мақсатында біздер оқу бағдарламасынан тыс, тереңдетіп оқытатын үйірмелерді, қала бойынша жалғыз «жартасқа өрмелеу» спорттық үйірмесін, домбыра үйірмелерін, жалпы, өнерлі өрендерімізге арналған қосымшаларды ашып отырмыз. Республикалық ғылыми жарыстардың, шет елдерде өтетін шығармашылық конкурстардың шыңын біздің ұландар сан мәрте бағындырды. Қаншама шәкірттеріміз жылдар бойы жүлделі жарыстарда жүйрік шығып, өз орындарын құрдастарына берген жоқ. Сол секілді жеңімпаздарды даярлайтын ұстахананың да ұстамының сыр бермеуі  біздің қолымызда!
 Қымбат-Ай ТОЙЛЫБАЙ.

Суретте: №5 «Таңдау» көпсалалы мектеп гимназиясының директоры  Дина БАШАРОВА.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар