Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қылмыстың салдарымен емес, себебімен күресу тиімді - АРҚА АЖАРЫ

Қылмыстың салдарымен емес, себебімен күресу тиімді

Қазіргі таңда сыбайлас жемқорлық  тек қана Қазақстанда ғана емес, барша әлем елдері үшін де өзекті мәселенің бірі болып отыр. Ұлттық шектеуді білмейтін қылмыстың бұл түрі тамырын тереңге жайып, уақыт өткен сайын өршімесе, кемитін түрі байқалмайды. Дегенмен де, жемқорлық қылмыс деңгейін біршама төмендетуге жеткен елдер де жоқ емес. 

Бұл бағытта біздің елімізде де сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шаралары барынша пәрменді жүргізілуде.  «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» ҚР Заңына сәйкес, бұл саладағы заң бұзушылықтар мен қылмысқа қарсы күреспен барлық мемлекеттік органдар айналысуға тиіс. Сонымен бірге, «Нұр Отан» партиясы бас болып, басқа да саяси және қоғамдық ұйымдар да бұл өзекті мәселеден шет қалмай отырғанын атап өткен артық болмас. Жаңадан қабылданған Қылмыстық,  Азаматтық және Әкімшілік кодекстерде сыбайлас жемқорлыққа қатысты заңсыздықтар мен қылмыстарға қарсы жазалау шаралары барынша қатаңдатыла түсті. Жаңа заң талаптарына сай, осындай санаттағы қылмыс жасаған тұлғалар келтірген шығындарын еселеп өндіреді және бұрынғыдай лауазымды қызметтен уақытша емес, өмір бойы аластатылады. Заңдағы осындай пәрменді шаралар уақыт өткен сайын өз жемісін беруде. Заң арқылы жазаға тартылып жатқан парақорлар мен жемқорлар қатары өсіп, бұл қоғамдық дертке қарсы күрес неғұрлым белсенді сипат алуда.
ҚР Үкіметінің  2015 жылғы 14 сәуірдегі №234 қаулысымен бекітілген 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа және көлеңкелі экономикаға қарсы стратегияны іске асыру мақсатында облыстық жер қатынастары басқармасы 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын жасап бекіткен еді.   Бұл бағыттағы шаралардың бәрі осы жоспар шеңберінде жүзеге асырылады. Жасыратыны жоқ, жер телімдерін алуға және пайдалануға қатысты заң бұзушылықтар біздің облысымызда да байқалып қалады. Қолындағы билігін пайдаланып, оңай олжа тапқысы келетіндер өкінішке орай, жер қатынастарымен айналысатын мамандар арасында да кездесіп жатады. Осы орайда, басқарма мамандар арасында жоғарыда аталған жоспарға сай түрлі семинарлар мен дөңгелек үстел шараларын өткізіп тұрады. Арнайы кестеге сай өткізілетін бұл шараларда жемқорлық заң бұзушылықтардың қандай салдары болатыны, қылмыстың алдын алу, жемқорлыққа қарсы заңнамалар жайында жан-жақты келелі әңгіме қозғалады. Қылмыстың салдарымен емес, оның себептерімен күресу, яғни заңсыздықтың алдын алу әлдеқайда тиімді болатыны белгілі. Жер қатынастары басқармасы тарапынан осы бағыттағы жұмыстарға әрдайым жеткілікті көңіл бөлініп отырады.
Тұрақты негізде мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы және басқа да мәселелер жөнінде басқарманың қызметі туралы бұқаралық ақпарат құралдарында жария талқылаулар өткізіледі. Басқарма мамандары тарапынан жерге қатысты заңдарды сақтау және халыққа түсіндіру тақырыбында баспасөзде үнемі мақалалар жарияланып тұрады.
Басқарманың ресми сайтында сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет бағытындағы қызметі туралы арнайы бөлім бар. Бұл бөлімде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөнінде басқарманың қызметіне қатысты ақпараттар орналастырылады, сондай-ақ, жеке және жер құқық қатынастары мәселелерінің барлық қырлары бойынша заңды тұлғалардың өтініштерін беру мүмкіндігі қарастырылған.   
Сыбайлас жемқорлық мемлекеттің имиджіне жағымсыз әсерін тигізіп,  азаматтардың мемлекеттік органдарға деген сеніміне селкеу түсіреді. Сондай-ақ, ел экономикасының дамуына айтарлықтай залалын келтіріп, мемлекетіміздің басты байлығы саналатын ішкі қауіпсіздігімізге де қатер төндіреді. Сондықтан, бұл қоғамдық дертке қарсы күресте ешқандай ымыраласу болмауы қажет. Осыған орай, жемқорлыққа қарсы күреске барлық мемлекеттік органдар, барша қоғам болып белсене атсалысуы тиіс. Тамырын тереңге жайған бұл індетті сонда ғана ауыздықтауға болады.   

Алмагүл ҚАДЫРАЛИНА,
облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар