Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жанкүйерлер жанды ой айтты - АРҚА АЖАРЫ

Жанкүйерлер жанды ой айтты

Кеше облыс әкімі Мәлік Мырзалин Көкшетау қаласындағы «Оқжетпес» футбол клубында спорт саласының басшыларымен, ойыншылармен және жанкүйерлермен кездесіп, олардың пікірлері мен ұсыныстарын тыңдады және қойылған сауалдарға жауап берді. 

 Өңір басшысы өз сөзінде бүгінгі таңда аталмыш футбол клубының жағдайы сын көтермейтінін, турнир кестесінің соңғы сатысынан орын тепкен команданың ойыны жұрттың көңілінен шықпайтынын атап өтті.
– Бұл жағдаймен футбол жанкүйерлері келіспейтінін жақсы түсінемін. Ол жөнінде аға ұрпақ өкілдерінің хатымен де таныс-тым. Осы келеңсіз жағдайға байланыс-ты футбол клубының директоры мен команданың бас бапкері өз өтініштерімен жұмыстарынан босады. Олар ұйымдастыру және жаттығу жұмысын дұрыс жолға қоя алмағанын атап өткен жөн. Алдағы уақытта клуб директоры мен бас жаттықтырушы мәселесін шешеміз. Бұдан бұрын аға ұрпақ өкілдерімен кездесуді де жөн көрген едім.  Облыс әкімдігі өз тарапынан барлық жағдайды жасауда. Футбол клубы толық қаржыландырылып, еңбекақы мен іссапарлар ақысы уақытында төленуде. Жанкүйерлер футбол командасының Көкшетау қаласында ойнамайтынына келіспеушілік білдірген еді. Жедел түрде ойын алаңы мәселесін де шештік. 15 қазаннан бастап матчтар жергілікті стадионда өткізілетін болады. Алдымен, «Оқжетпес» «Тараз» командасын қабылдайды. Ойыншылар біріншіліктің соңғы кездесулерінде жанкүйерлер үмітін ақтайды деп сенемін,–деген облыс басшысы бірқатар аға ұрпақ өкілдерінің сөзіне құлақ түрді. Футбол жанкүйері Лев Маар өз сөзінде биыл жергілікті стадионның ашылғанына 60 жыл, футбол клубының құрылғанына 50 жыл толып отырғанын айтты.
– Ардагерлердің облыс әкіміне хат жазуына команданың Көкшетау қаласында ойнамайтыны, облыстық футбол федерациясы жұмысының сылбырлығы және жергілікті ойыншылардың аздығы түрткі болды. Бүгінгі таңда «Оқжетпес» футбол командасына Премьер-Лигадан шығып қалу қаупі төніп тұр. Осы орайда, футбол клубына жаны ашитын жергілікті басшылар мен ойыншылардың мәселесі дұрыс шешілсе деген ұсынысымыз бар,–деген ол өзінің осы саладағы отыз жылдық тәжірибесімен бөлісті. Облыс әкімі өз сөзінде команданың бас жаттықтырушысы сырттан, оның көмекшісі жергілікті жерден тағайындалатынын атап өтті.
– Қазір команда құрамында жергілікті жердің бес ойыншысы ойнайды. Алдағы уақытта олардың саны көбейеді. Сөйтіп, өз ойыншыларымызды тәрбиелей бастаймыз. Былтырғы жылы турнир кестесінің бесінші сатысынан көріндік. Бұған жақсы ойын өрнегін көрсеткен сырттан келген ойыншылар өз ықпалын тигізді. Олардың еңбекақысы 20 пайызға қысқартылды. Өзге клубтарда да сырттан келген легионерлердің саны көп. Бұл орайда, облыстық футбол федерациясы мықты болуы керек. Сондықтан, аталмыш федерация төрағалығына Көкшетау қаласының әкімі Ермек Маржықпаевты ұсынамын. Федерация жанынан қадағалау кеңесін құру керек. Оның құрамында футболдан хабары бар адамдар болуы қажет,–деді өңір басшысы. Кездесу барысында Рашид Ғайнуллин мен Виктор Павленко сияқты ардагер жанкүйерлер футбол клубының тарихына тоқталып, ойынды жақсарту жөнінде өз ұсыныстарын айтты. Олар клуб басшылығына футбол мектебінің директоры Марат Төкеевті ұсынды. Облыс басшысы өз сөзінде футбол клубының бюджеті жөнінде де айтып өтті.
– Клуб легионерлері жақсы ойын
өрнегін көрсету үшін бюджеттің болуы шарт. Іссапарларға қомақты қаржы жұмсалады. Команда Астана қаласының стадионын жалға алды, қонақ үйде тұрып, шет елдерде жаттықты. Клубтың материалдық-техникалық базасын жақсарту қажет. Егер клуб бірінші лигаға түсіп қалатын болса,  бюджеті азайтылады. Бірақ, жергілікті футболдың дамуына қолдау көрсетіледі. Ойынның нәтижелеріне қатаң талап қойылады. Балалар арасында футболды, сондай-ақ, ересектердің футзалын дамыту қажет,–деді одан әрі облыс әкімі. Кездесу соңында команда капитаны Әлібек Бөлешев пен Тимур Досмағанбетов қалған бес ойында турнир кестесін өзгертуге тырысатындарын айтты. Бұдан кейін сөз сөйлеген спорт мамандары атқарып жатқан жұмыстарына тоқталып, футболды дамыту жөнінде өз ойларын ортаға салды. Кездесуді қорытындылаған өңір басшысы спортты дамытуға жергілікті кәсіпкерлерді тарту қажеттігін де баса атап көрсетті.

Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар