Облыс әкімі Мәлік Мырзалиннің төрағалығымен кадрлық комиссияның кезекті отырысы болып өтті.
Жиында Еңбекшілдер ауданының əкімі А.Қиықовтың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы жəне кадр саясаты мəселесі бойынша лауазымды тұлғалар қызметін бақылаусыз жібергеніне байланысты тəртіптік жауапкершілігі қаралды. Облыс әкімі аппаратының жетекшісі Қанат Шөкеновтің мəліметі бойынша, Степняк қаласында салынған 21 пəтерлі тұрғын үйді бөлуге қатысты қалыптасқан жайды анықтау мақсатында арнайы жұмыс тобы құрылып, пəтер бөлуде тұрғын үй заңнамасының талаптарының өрескел бұзылғандығы анықталған. Мұндай заңсыздық аудан әкімінің орынбасары Амангелді Мешелов жетекшілік еткен тұрғын үй комиссиясының жұмысындағы кемшіліктерге сай орын алды. Осыған орай, аудан әкімінің орынбасары Амангелді Мешелов қызметінен босатылды. Ал, кадрлық комиссия отырысының қорытындысы бойынша аудан əкімі Асқар Қиықов қатаң сөгіс түріндегі тəртіптік жауапкершілікке тартылды.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.