Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қанатқақты жобаның тұсауы кесілді - АРҚА АЖАРЫ

Қанатқақты жобаның тұсауы кесілді

Бурабай курортты аймағында алдағы уақытта қызметке ақы төлеудің қолма-қол емес түрі кеңінен енгізілетін болады.  Бұл жөнінде осы мәселеге арналған қанатқақты жобаның тұсаукесер шарасында  Бурабай ауданының әкімі Қанат Қарауылов пен облыстық мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Бауыржан Шәйкенов мәлімдеді.

Бурабай курортты аймағы бүгінде ТМД елдері арасында туристер көп келетін тартымды үштіктің санатында екен. Бұған осы өңірдің көркем табиғаты мен кәусардай таза ауасы және шалқар көлдері мен саялы ормандары игі ықпалын тигізіп отырғаны даусыз.
Дегенмен, демалушыларды тек көрікті табиғатпен ғана тартуға болмайды, оған қоса, заман талабына сай сапалы қызмет көрсетуді де жолға қою қажет. Осы орайда, демалушыларға ыңғайлы есеп айырысудың қолма-қол емес түрін енгізудің маңызы зор.
Өкінішке орай, қазіргі күні есеп айырысудың бұл түрінің көрсеткіші төмен, небары 16,4 пайыз деңгейінде болып отыр.  Қанатқақты жобаның тұсаукесер шарасында осы жайында жан-жақты әңгіме болды. Жобаға сай ең алдымен, курортты аймақтағы бес өткізу қосындары қолма-қол емес есеп айырысу қызметін көрсетуге көшіріледі.
Содан кейінгі кезекте терминалдар арқылы қызмет көрсетуге аймақтағы шипажайлар мен демалыс орындары көшетін болады.  Одан әрі дәмханалар мен мейрамханалар, шаштараз, монша қызметтері толықтай қолма-қол емес есеп айырысуға ауысады. Ақы төлеудің мұндай түріне көшу отандық демалушыларға ғана емес, шетелдік туристер үшін де ыңғайлы болатыны анық. Өз кезегінде бұл курортты аймаққа келушілер қатарын өсіре түседі деген үміт бар.

Нұрлан ЫСҚАҚОВ,
облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз хатшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар