Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ойлы көрермен олжасы - АРҚА АЖАРЫ

Ойлы көрермен олжасы

Шахмет  Құсайынов  атындағы облыстық  қазақ музыкалық-драма  театры өзінің 21-ші маусымын драматург Сая Қасымбектің «Бала кімдікі?»  комедиясымен ашты. Маусымның ашылуына облыс әкімі Мәлік Мырзалин қатысты.

Бірден айта кету керек, көрермендердің өздерімен сұхбаттаса қалсаңыз, бірі бұл өмірдің өзінен алынған көрініс десе, енді бірі маусымның ашылуында әдеттегідей тарихи танымдық кесек дүние күтіп едік деген пікірді алға тартады. Қалай дегенмен де, жеңіл әзілге құрылған жаңа қойылымды тамашалауға келгендердің басым көпшілігі жастар екендігін аңғардық. Алдымен көрермендердің пікіріне құлақ салайық. Сәуле Еркенқызы қойылымға жалғыз өзі емес, өзінің анасымен бірге келген.
– Жасырары жоқ, қазіргі таңда бұл тақырып жиі талқыға түсуде. Кинотеатр-
ларда да осындай тақырыптағы кинолар жиі көрсетілетін болды.  Рас, заман да, адам да өзгерген. Десек те, адамгершілік, қазақы тәрбие сияқты ұғымдарға ешқашан селкеу түспесе екен дейсің. Бүгінгі қойылым көңілден шықты. Байқағанымыздай театр труппасының көбі жастар. Маған жас актерлердің арасында  Дәулет рөлін сомдаған Еркебұлан Төлеуовтың аяқалысы ұнады ,– деп ой бөлісті Сәуле Жүнісова.
Көрермен пікірі де орынсыз емес. Замана шеріне айналған тастанды балалар мәселесі кім-кімнің болмасын жүрегін толғандырып, жанын ауыртқан қоғам дерті екендігі даусыз. Бүгінде тастанды бала, тасбауыр ана мәселесі замана шеріне айналған. Ғаламтор арқылы түрлі сұмдыққа куә боласың. Бала анадан безген бұл не қылған безбүйрек заман болды дейсің осындайда.
Режиссердің балалар алдындағы ата-ана жауапкершілігінің қаншалықты маңызды екенін ашуға жасаған талпынысы сәтті шешімін тапқан. Содан болар, түрлі шырғалаңнан тұратын ситуациялардан құралған қойылымды көрермен бір демде тамашалады. Әсіресе, апай рөлін сомдаған Маржан Бөкешованың, ана рөліндегі Жанар Құсайынова, әке рөлін сәтті алып шыққан Төлеубек Көңбай, көрші рөліндегі  Қайрат Мырзаболатовтар кәсіби шеберліктерімен көрермендерін тәнті етті.
«Бала кімдікі?» комедиясында тепсе темір үзетін бойдақ жігіттер ойда-жоқта «құнды сыйлыққа» ие болып, бесікте жатқан баланың кімдікі екендігін талқыға салады. Екі бірдей әулеттің ер жігіттері баланы өз жауапкершілігіне алудан бастарын ала қашып, сөзбұйдаға салады. Қысқасы, кең дүние тарының қауызындай тарылып, қажаса-қажаса екеуі де титықтап, тығырыққа тіреледі. Ал, бесікте жатқан бейкүнә болса, тағдырының талапайға түсіп жатқандығынан хабарсыз. Бекзат (рөлді сомдаған Аслан Шайсұлтанов) бала менікі емес десе, Дәулет те мойындағысы жоқ.  Көрермендер актерлер сомдаған алуан тағдырлы кейіпкерлермен бірге тыныстап, бірге ойланып-толғанды, бірге сүйінді. Өмірде кездейсоқ ештеңе болмайтынына, өмір күрес деген қағидаттың қазықтай қаттылығына көздерін тағы бір жеткізді. Жас актерлердің ішінде Дәулет рөлін сомдаған Еркебұланның өз кейіпкерінің сөйлеудегі дауыс ырғағын, мимикасын, болмысын оқиғаның өрбуіне сай құбылтып, тап өз басынан өтіп жатқандай етіп жеткізе білгендігін айта кетуіміз керек.   
Күлдіре отырып жылатқан сахналық көріністерден заманның салқын лебі есіп тұрғандай әсерде боласың. Осының барлығы бүгінгі жастардың іңкәрлік, ғашықтық сезімдеріне жауапкершіліксіз қарайтындығында. Қазақ қоғамында орын алған қилы-қилы тағдырлар әркімді болсын ойлантуы тиіс.   Адамның ішкі әлемін ашуға талпыну, қуаныш пен реніш, сүйініш пен махаббат жайын безбендеу бар. Бұл – бір адамға, бір ұлт өкіліне ғана емес, өмір заңын түйсінген тіршіліктің шектеулі екендігін мезгілінде байыптаған кез-келген адамға ортақ түйін.
Сахнаға жол тартқан шығарма режиссердің иелігінде. Осы тұрғыдан келгенде, қойылымның аяқталуындағы шешім нанымды. Кез келген сахналық қойылымның жарқын әрі есте қалатын көріністері қоюшы суретшінің еңбегінің нәтижесі емес пе?! Осы орайда Айдана Бейсембаеваның да еңбегін атап өтуге болады.
Көрерменнің жан дүниесін рухани байытып,  болашағына бейжай қарамауға үйрететін, сол арқылы ақ пен қараны ажыратып, абырой биігіне жол көрсететін мұндай қойылымның көрерменіне берері мол.    

Суреттерде: спектакльден көріністер.
Суреттерді түсірген
Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар