Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
«Зерен» колледжі жабылды - АРҚА АЖАРЫ

«Зерен» колледжі жабылды

«Ақмола медиа» орталығында «Көкше» академиясының ректоры Шоқан Қасым «Зерен» колледжінің жабылуына байланысты жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен брифинг өткізді.

Брифингке сонымен қатар, облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Гүлжанар Шөкеева және облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Евгений Шеленжек қатысты.   «Зерен» колледжі 2009 жылы ашылыпты. Биылғы оқу жылында 198 оқушы оқыған. Оның ішінде 47-і күндізгі бөлімнің,  соның ішінде  14-і бірінші курс оқушылары.
– Мен оқу жылы басталмас бұрын академияға қарасты осы колледждің директоры Бахыт Рақымжановаға оқу орнын жабу жөнінде ескертіп, айтқан болатынмын. Алайда, оқушылар саны биылғы оқу жылында көбейеді деп сендіріп, жаппады. Осылайша, оқуға биыл түскен оқушылардың нақты санын жасырып, көбейтіп көрсетіпті. Жүргізілген аудиттің нәтижесінен кейін барлығы тайға таңба басқандай анықталып шыға келді. Жаңа жылдан кейін оқушылар мен олардың ата-аналарын жинап, түсіндіру жұмыстарын жүргіздік. Қаңтардың 24 күні жабылуы тиіс болды. Білім ордасында мұғалімдерді қоса алғанда, бас-аяғы 23 адам қызмет етті. Қазір колледж ғимаратының сақталуы үшін 5 техникалық қызметшілер сонда қалып жұмыс істеуде. Оқушылардың барлығы дерлік «Көкше» академиясының жанындағы колледжге орналастырылды, –деп түсінік берді Шоқан Жанатұлы. 
Ағымдағы жылдың 21 қаңтарында облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов жұмыссыз қалатын мамандарды жұмысқа орналастыру жөнінде кеңес өткізіп, барлығын жұмыспен қамту туралы тапсырма беріпті.  Оқу орнында осы күнге дейін есеп және аудит, заңтану, бастауыш білім секілді төрт мамандық бойынша оқытылған. Енді бүгінде 10 мұғалім жұмыссыз қалып отыр. Бұл жөнінде Шоқан Қасым:
–Жұмыссыз қалған мұғалімдердің көбі зейнеткерлер немесе олардың қосымша табыс көздері бар. Ал, енді солардың ішінде «Көкше» колледжіне келемін деушілерге есік ашық. Сондай-ақ, бала күтімі бойынша демалыста отырған бір мұғалім бар еді. Онымен де күні кеше сөйлесіп, қаладағы колледждің штаттық құрамына алатындығымды жеткіздім. Шешімді алдағы уақытта өзі қабылдайды, –деп түсіндірді.
Оқушылар оқу ақысын бұрынғыдай 75 мың теңге көлемінде төлейді және жатақханаға орналасқандары жасалған жеңілдіктің арқасында 5 мың теңге  төлеп тұратын болады.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар