Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Күдік сейіліп келеді - АРҚА АЖАРЫ

Күдік сейіліп келеді

Тәуелсіз Қазақстанның тарихи кезеңіндегі жаңа белеске қадам басқалы тұрған латын әліпбиіне көшу – бұл жазуды жаңғырту, тілді жаңғырту, елді жаңғырту болмақ. Егемендігіміз еңселі, тәуелсіздігіміз тегеурінді болып, әлемдік тәжірибені игеруіміз үшін санамызға тың серпін керек.

Осындай серпіліс арқылы бүкіләлемдік кеңістікке ене аламыз. Келешек ұрпақ өз кезеңінде тарихи мәселенің ұлылығын мойындайтын болады. Ендігі жұмыс халық арасында аса маңызды қадамды дұрыс насихаттап, ұғынықты жеткізе білу. Таяуда Елбасы мемлекеттік тілді латын қарпіне көшіру жөніндегі жобаны іске асыру үшін құрылған жұмыс тобының мүшелерімен кездесті. Қазақстан Президенті мемлекеттік тілді реформалау рухани жаңғыру бағдарламасы аясындағы маңызды мәселелердің бірі екенін атап өтті. Жиында Мемлекет басшысына қоғамдық талқылаулар барысында келіп түскен ұсыныстарды ескере отырып әзірленген қазақ тілінің латын қарпіне негізделген бірыңғай стандартының жобасы ұсынылды.
Алдыңғы Парламенттік тыңдауда ұсынылған жобадан айырмашылығын айтар болсам, мұнда диграфтар қолданылмайды, қазақ тіліндегі спецификалық дауысты және дауыссыз дыбыстар әріп таңбаларының үстінен үтір, ноқаттар қою арқылы берілген. «Келісіп пішкен тон келте болмас» демекші, қоғамның басым көпшілігінің талап-тілектері қанағаттандырылған тəрізді. Өте дұрыс деп ойлаймын…
«Әлемде ешбір ел өзінің жаңа әліпбиін бүкіл халық болып осылайша талқылаған емес. Біз үшін әрбір адамның пікірін білу маңызды. Латын қарпіне көшуге байланысты Президент Әкімшілігіне 300-ден астам өтініш келіп түсті. Жастардың бұл үдерісті қолдағаны қуантады. Жобаны іске асыру барысында әлемдік тәжірибе ескерілді. Бұл өте маңызды. Сонымен бірге, қазақ әліпбиін латын қарпіне көшіру үдерісіне қатысты ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жалғастыру қажет», – деді Мемлекет басшысы.
Демек, латын әліпбиі – Ұлы дала елін әлемдік өркениетпен қабыстыратын алтын көпір. Латынға оралу заман талабынан туындап отырған қажеттілік. Дүниежүзі халқының 80 пайызы қолданатын латын әрпіне көшу озық инновациялар мен жаңа технологияға біртабан жақындаудың белгісі. «Осы арқылы электронды ақпарат құралдарын да жылдам игеруге болады. Латын әліпбиіне көшу саясатын Елбасы бекер бастап отырған жоқ. Мұның тиімді жақтары өте көп. Жапон елі мәселен өзінің IT технологиясында және ғылым саласында латын әліпбиін екінші әліппе ретінде қолданады. Қытай елі де өздерінің иероглифтерімен қатар, осы латын әліпбиін пайдаланады.
Қазақ тілінің латын қарпіне көшуі орыс тілді азаматтардың құқықтарын, орыс тілі мен басқа да тілдердің мүмкіндіктерін шектемейді. Орыс тілінің кирилл қарпінде қолданылуы өзгеріссіз қалады. Ол бұрынғыдай қызмет атқара беретін болады. Жаңа әліпбиге көшу қазақ тілін меңгеруді жеңілдетеді, – деді Президент. Олай болса, баршамыз осы игі іске белсенді атсалысайық. Рухани жаңғыру аясында тіліміз де жаңғырсын!
Алпыс БЕКЕНОВ,
Ақмола облыстық тілдерді дамыту басқармасы басшысының  міндетін атқарушы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар