Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ағаш өңдейтін мамандар жетіспейді - АРҚА АЖАРЫ

Ағаш өңдейтін мамандар жетіспейді

«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалында «Қазақстан – 2021: Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» сайлауалды бағдарламасы бойынша өңірлік партия кураторының комиссия отырысы болып өтті.

Күн тәртібінде ағаш өңдеу және жиһаз өндірісі, оның проблемалары мен келешегі, Қазақстан Республикасының 2013-2020 жылдарға арналған «Жасыл экономикаға көшу» концепциясын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралардың орындалу барысы туралы мәселелер қаралды. Комиссия отырысын облыстық мәслихаттың депутаты, партияның сайлауалды бағдарламасының «Индустриялық даму» бағыты бойынша партиялық кураторы Сергей Кистин жүргізіп отырды.
Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы басшысының орынбасары Александр Загребин баяндама жасап, күн тәртібіндегі екі мәселе бойынша кеңінен тоқталып өтті. Оның айтуынша, үстіміздегі жылдың алғашқы тоғыз айында ағаш өндірісі саласында жалпы құны
965 313 теңгенің өнімі өндірілген. Өткен жылғы есептік мерзіммен салыстырғанда қаржылай табыс көзі 66,2 пайызды құрады.
«Блэк», «Два Кита», «ҚазОрман», «Kazyna SR», «Жалайыр Бұланды» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері – облыстағы жиһаз, бұйым жасайтын негізгі кәсіпорындар болып табылады. Соңғы жылдары аталған сала бойынша төрт жоба қолға алынған. Осы орайда, жиһаз жасаумен айналысатын кәсіпорындарды қинап отырған негізгі мәселе – өз елімізде шикізаттың болмауы. Сондықтан, олар шикізатты Ресейден әкелуге мәжбүр. Жиһаз өндіретін кәсіпорындарда кәсіби мамандардың жетіспейтіні де комиссия отырысында сөз болды. Кадр жетіспеушілігі әсіресе, Ақкөл қаласындағы «ҚазОрман» ағаш өңдеу кәсіпорнында орын алып отыр. Сергей Кистин аталған мәселені «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Ағаш ұстасы», «Ағаш шебері» мамандықтарын даярлау арқылы шешуге болатынын мәлімдеді.
Ал, «Жасыл экономикаға көшу» концепциясы бойынша ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне дайындық кезінде жасыл экономика технологияларын қолдану арқылы облыста екі жоба іске асырылды. Солардың бірі – Целиноград ауданындағы «Агрофирма «Родина» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жел энергиясы қондырғысы. Жобаның жалпы құны 200 миллион теңге. Ал, екінші жоба Ерейментау ауданындағы «Тұңғыш жел электр станциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жел электр станциясы. 2015 жылы іске қосылған бұл жобаның құны 18,9 миллиард теңгені құрайды. Алдағы уақытта Целиноград ауданында «KB ENTERPRISES» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің күн электр станциясының, Аршалы ауданындағы «ЦатэкGreenEnergy» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жел паркінің құрылысы басталады деп жоспарланып отыр.
Сондай-ақ, облыстық энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Данияр Қуанышбаевтың, облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Көшекбай Біржікеевтың баяндамалары тыңдалып, барлық жоба партиялық кураторлардың бақылауында болатыны ескертілді.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар