Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қариясы бар елдің қазынасы бар - АРҚА АЖАРЫ

Қариясы бар елдің қазынасы бар

Ерейментау ауданындағы төскейі малға, қырманы дәнге толған Малтабар ауылының да өзіндік тарихы тағылымды.

Егде адамдарды қолдау айлығы аясындағы кездесуге шақырылған ауыл ағалары мен ана-әжелер Перуаш Кәрімұлы атындағы орта мектепке жиналды. Тайбай ауылдық округі әкімдігінің бастамасымен ұйымдастырылған мерекелік іс-шара танымал ақын Сағи Жиенбаевтың сөзіне жазылған Досхан Жолжақсыновтың «Ауыл қарттары» әнімен ашылды. Клуб меңгерушісі Әлия Өмірбаеваның музыкалық көркемдеуімен, директордың тәрбие ісі бойынша орынбасары Маржан Омарованың бастамасымен дайындалған шағын концертте қонақтар өз немерелерінің өнеріне сүйсінді. Олардың әуезді әні, бишілер тобының сүйкімді ырғағы, бастауыш буынның әдеби монтаж үлгісіндегі лебізі жүрекке жылы әсер етті. Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Төлеген Әбдиннің, округ әкімдігінің бас маманы Гүлнәр Тағиманованың құттықтауы көңілге шуақ ұялатты. Зейнеткерлер де ұйымдастырушыларға ризашылық ниетін жауап лебізімен, дәм дастарханын дәстүрлі бата-тілегімен көмкерді. Мерекені атап өтуге демеушілік көрсеткен ауыл азаматтары: Қантай Айнагелдинов, Ыбырай Жантілеуов, Жандос Көшенов, Амандық Өмірбаев, «Болашақ» жекеменшік дүкенінің иесі Бахтияр Әбілов болса, үлкендерді ықыласпен қарсы алған мектеп директоры Руслан Хамзин мен кездесуді ұйымдастыруға атсалысқандарға алғысымызды білдірсек деп едік. Ай бойы жалғасатын айлық аясында ата-анаға лайықты ілтипат-құрмет көрсетіледі. Кең пейілді, дархан көңілді, шынайы ниетке толы бүкіл сыйластығымыз, қонақжайлығымыз үлкендердің қоғамға сіңірген еңбегін бағалаудың, ізгі жолын жастарға үлгі етудің түпкі негізі болмақ. Осы ізет-құрметтің бәрі күні ертең келешек ұрпақтан өзімізге еселеп оралатынына үміттіміз.

Нұрлыбек МҰРАТБЕКҰЛЫ.
Суретте: мерекелік шарадан көрініс.
Суретті түсірген Шынар ҚАСЫМАТҚЫЗЫ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар