Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Алаштың сөзін сөйлеген Гер-ағаң да өтті өмірден - АРҚА АЖАРЫ

Алаштың сөзін сөйлеген Гер-ағаң да өтті өмірден

Қазақ әдебиеті мен баспасөзі орны толмас ауыр қазаға душар болды. Қазақтың жоғын жоқтаған, өзі  айта алмаған кей сөзін айтқан, болашағы үшін қабырғасы қайысқан, ертеңіне елеңдеген, кешегісін уақыттың шаңынан аршып алып өзіне ұсынған, бауыр басқан, бауырласқан ұлтының рухани әлемі,

мәдениеті, әдебиеті үшін бүкіл өмірін сарп еткен үш тілді жазушы Герольд Бельгер өмірден озды. Тір-шілігінде қалам ұстаған қауым айрықша әспеттеп, қалтқысыз құрмет көрсетіп Гер-аға атап еді. Әділ сөзге, ақиқатқа қос қолын көтеріп тік тұратын оқырман қауым Гер-ағаның әр жазған шығармасына, тіпті, титімдей мақаласына дейін, соңғы уақытта баспасөзде жиі жарияланған сұхбаттарына қалтқысыз разы еді. Өйткені, оның бәрінде жалпақ жұрттың, тұтас Алаштың арман-мұраты айтылатын. 
Герольд Бельгер Ресейдің Саратов облысы Энгельс қаласының маңындағы негізінен, немістер қоныстанған Поволжье деп аталатын жерде туған. Ұлы Отан соғысы басталған тұста кішкентай бала. Отбасы Саратовтан Солтүстік Қазақстанға жер аударылып, балалық шағын қазақ ауылында өткізген Гер-аға қазақ мектебінде білім алған. Мектепті бітірген соң Қарағандының инс-титутына оқуға түсуге барады, қабылданбайды. Алматыға ҚазПИ-ға барады, тағы да соңында «жер аударылушының баласы» деген жаманаты ере жүреді. Сол сәтте көмек қолын созған Мәлік Ғабдуллин екен. Кейін Гер-ағаң қайырымы мол Мәлік ағаны туған әкесіндей құрмет тұтыпты.
Жазушының шығармаларында алдымен қазақ тағдыры сөз болады. Тұңғыш шығармаларының бірі «Алыс жолдың бойында» деп аталатын хикаяты. Көркемдік дәрежесі өте жоғары осы шығармада Қазақстанға қалай көшкендері туралы баяндалады. Сұңғыла аудармашы Бельгердің Әбдіжәміл Нұрпейісовты, Әбіш Кекілбаевты, Дүкенбай Досжанды, Оразбек Сәрсенбайды, тағы басқа да қазақтың қабырғалы қаламгерлерінің шығармаларын орыс тілінде сөйлеткенін ат төбеліндей әдеби орта ғана біледі.  
Тәңірден қазаққа бақыт бер деп тілеген Гер-ағаң да өтті жалған дүниеден. Артында мол мұрасы, арман-тілегі қалды. Айтып келмейтін ажал барша Алаштың қабырғасын қаусатып кеткендігі анық. Ел мұратын егіле сөз еткен бір ер болса, Гер-ағаңдай-ақ болсын деуші еді Алаш баласы. Амал нешік?!.Топырағыңыз торқа болсын, Гер-аға!
«Арқа ажары» газетінің ұжымы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар