Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жастық жалын – Отанға! - АРҚА АЖАРЫ

Жастық жалын – Отанға!

Әр жас қазақстандықтың жан-жақты дамуы үшін тең жағдайлар жасау, қолдау және жастардың бәсекеге қабілеттілігін қалыптастыру Қазақстанның мемлекеттік саясатының стратегиялық басымдығы болып табылады.
Осы орайда, 2012 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті сессиясында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік жастар саясатын жетілдіру жөнінде тапсырма беріп, осыдан кейін елімізде жастар ортасында басқару үдерісінің жаңартылған институционалдық моделі пайда болды. 2012 жылы Білім және ғылым министрлігінің құрылымында жастар ісі жөніндегі комитеті, ал аймақтарда жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармалар құрылды.
Биыл облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының жұмыс істеп келе жатқанына бес жыл толып отыр. Мемлекеттік мекеме жастар саясаты саласындағы жобалардың және бағдарламалардың жүзеге асырылуын қамтамасыз ету, жастарды елдiң әлеуметтiк-экономикалық дамуына белсендi қатыстыру және жағдай жасау, облыс жастарының азаматтық белсендiлiгiн көтеру, рухани, зияткерлiк даму деңгейiн жоғарылату бойынша міндеттерді орындайды.
Бірнеше жылдан бері басқарма дарынды, әлеуметтік қорғалмаған топқа жататын жас-
тарды облыста тапшы мамандықтарға тарту үшін облыс әкімінің атаулы шәкіртақысын тағайындау бойынша жобаны жүзеге асыруда. 2016 жылы 192 түлекке арнаулы шәкіртақы тағайындалып, оларға 65,5 миллион теңге көлемінде шәкіртақы төленді. Сұранысқа ие мамандықтар бойынша білім алатын студенттерге биыл шәкіртақы мөлшері 250 мың теңгеден 350 мың теңгеге дейін өсті. Ал, дәрігер мамандығына оқитын студенттерге шәкіртақы жылына 700 мың теңгені, қалған мамандықтар бойынша 250 мың теңгені құрайды.
Келісімшарт бойынша оқуды аяқтағаннан кейін олар облыс аумағында кемінде үш жыл жұмыс істеулері тиіс. Бүгінгі таңда білім алып жатқан 39 болашақ дәрігерге шәкіртақы бөлінді. Үстіміздегі жылы екі маман оқуларын бітіріп, мамандықтары бо-
йынша жұмыс істеуде. Мәселен, Махаббат Батталова «Нұр-Мүбәрәк» Египет ислам мәдениеті университетін бітіріп, қазіргі уақытта Көкшетау қаласындағы
Науан Хазірет атындағы мешітте теолог болып жұмыс істеуде. Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің түлегі Анна Володина Шортанды ауданының №2 орта мектебіне ағылшын тілі пәнінің мұғалімі болып жұмысқа орналасты.
2017 жылы облыстық бюджеттен шәкіртақыға бөлінген қаржы 102,0 миллион теңгені құрады. Сонымен қатар, жыл сайын облыста «Жасыл ел» бағдарламасы жүзеге асырылады. Жоба аясында мыңға жуық жас маусымдық жұмыспен қамтылды.
Дарынды жастарды қолдау мен ынталандыру мақсатында жастар, студенттер мен жас кәсіпкерлер арасында «AKMOLA POWER» облыстық жаңа жобалар сайысы, «Студенттік көктем» облыстық дарынды жастар фестивалі, «Үш Би» дәстүрлі пікірсайыс турнирі, «Жас Ақмола» облыстық жастар сыйлығы, «Bastau talks» қоғамдық дәрісі және басқа да іс-шаралар өткізіледі. Өңірімізден 105 ерікті Халықаралық мамандандырылған «EXPO-2017» көрмесін ұйымдастыруға қатысу мүмкіндігіне ие болды.
Басқарманың қолдауымен 70 адам түрлі республикалық және халықаралық конкурстар мен фестивальдерге жіберіліп, олардың көбі жақсы нәтижелерге қол жеткізді. Көкшетау қаласының «Әулет» мектептен тыс жұмыс орталығының қызметкерлері Геннадий Пархоменко мен Әлия Алғазимова Қарағанды қаласында өткен «Тұлға» IV халықаралық музыкалық-көркемдік шығармашылық фес-
тиваль-конкурсына қатысып, «Сәндік-қолданбалы өнер» номинациясында бірінші орынды және «Бейнелеу өнері» аталымында бас жүлдені жеңіп алды. Ақмола облысының «Агрофаки» құрама КВН командасы Энгельс қаласында КВН командаларының «На Волге FEST» жазғы музыкалық фестиваліне қатысып, «Үлкен қызыл кубокты» иеленді.
Жастар ұйымдарына қолдау көрсету, оларды әлеуметтік бағдарламаларға қатысуға тарту мақсатында 2017 жылы 13 лотқа 56,5 миллион теңге қаржы бөлінді. Облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы облыс аудандары мен қалаларының жастар ресурстық орталықтарымен тығыз жұмыс істейді. Сонымен қатар, олардың қызметіне ұйымдастырушылық және әдістемелік көмек көрсетеді. Бір сөзбен айтқанда, басқарма мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруда үлкен жұмыстар жүргізіп жатыр.

Индира ЫБЫРАЕВА,
Ақмола облыстық жастар саясаты
мәселелері басқармасының бас маманы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар