Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Көкшетау: қала да, үй аулалары да көркейе түседі - АРҚА АЖАРЫ

Көкшетау: қала да, үй аулалары да көркейе түседі

1-ші желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні облыс әкімі Мәлік Мырзалин Көкшетау қаласындағы жаңадан жасалған аллеялар мен тұрғын үйлердің аулаларын аралап көріп, атқарылған жұмыстардың барысымен танысты.

Аймақ басшысы алдымен, «Жастар» аллеясында болып, атқарылған жұмыспен танысты. «Жасыл ел» серіктестігінің директоры Қанат Ақышев өз сөзінде абаттандыру жұмысы қыркүйек пен қазан айларында жүргізілгенін, 1021 шаршы метр жаяу жүргіншілер жолына асфальт-бетон төселгенін айтып берді. Сондай-ақ, жаяу жүргінші жолының 1032 шаршы метріне бедертас төселіпті. 195 түп шырша отырғызылған. Шағын сәулеттік мүсіндер мен ротондар айналаға сән беріп тұр. Жасанды жамылғы төселген спорт және ойын алаңдары пайдалануға берілген. Аллея электр жарығымен толық қамтамасыз етіліпті. Қала тұрғыны, еңбек ардагері Рашит Ғайнуллин өз сөзінде бұрынғы прибор жасау зауыты бағының көп жылдардан бері жөндеу көрмегенін, көрікті аллея жастардың сүйікті орнына айналатынын айтты. Осынау демалыс орнын салғаны үшін аймақ басшысына алғысын білдірді.
Облыс басшысы одан әрі теміржолшылар аллеясы мен теміржолшылар музейінің ашық аспан астындағы көрмесін аралап көрді. Бурабай колледжінің темір жол саласына қатысты ғылыми жұмыстарымен танысты. Тиісті басшыларға аллея маңындағы көпқабатты тұрғын үйлердің сыртын жөндеуді тапсырды. Сондай-ақ, тұрғындармен жүздесіп, өтініштерін тыңдады. Қала тұрғыны Любовь Савенко темір жол ауруханасы маңындағы Қылшақты өзенінің үстінен өтетін көпірді жөндеп беруді өтінді. Облыс әкімі бұл мәселені осы арада шеше келе, көпірдің жобалық-сметалық құжаты келесі жылдың наурызында жасалатын болды. Аллеядағы жұмыс қыркүйек пен қазан айларында атқарылып, кіретін жолға асфальт төселіпті. Жол жиегіне де жағатас орнатылып, жаяу жүргіншілер жолына бедертас төселіпті. 19 темір бағанаға диодты шамдар орнатылған. 1305 шаршы метр алаңға автотұрақ салыныпты. 237 түп шырша орнатылған. Бұдан әрі аймақ басшысы «Васильковка» шағын ауданында болып, көпқабатты тұрғын үйлер аулаларындағы абаттандыру жұмысына назар аударды. Варкаут алаңында спортшылардың жаттығуын тамашалады. Қалалық варкаут командасының капитаны Руслан Светличный өз жетістіктері жөнінде айтып берді. «Көкшетауавтодор» серіктестігінің директоры Виталий Люлевичтің айтуынша, аулаларды жөндеу жұмысы өткен жылы басталып, биылғы жылдың қыркүйегінде аяқталған. Жобаның жалпы құны 426 миллион теңгеге бағаланған. Қаржы облыстық бюджеттен бөлініпті. Өткен жылы жеті ауланың, биылғы жылы төрт ауланың жөндеу жұмысы жүргізілген. 43,340 шаршы метр жолға асфальт, жаяу жүргіншілер жолдарына бедертас төселіпті.
Осы аулада «Таза Әлем-Астана», «LS Көкшетау» серіктестігінің өкілдері қоқысты сұрыптау және қайта өңдеу жобаларының тұсаукесерін жасады. Қоқысты сыртқа шығару кезінде темір жәшік ішіндегі Биг-бег қаптары пайдаланылады екен. Серіктестікке Щучинск-Бурабай курортты аймағында жұмыс істеу ұсынылды. Облыс әкімі Есенберлин көшесіндегі тұрғын үйдің жөндеуден өткен ауласын да аралап көрді. Бұл жұмысты «Көкшетау Жолдары» серіктестігі қыркүйек пен қазан айларында атқарып шыққан. Мұнда да жолдарға асфальт төселіп, 258 жағатас ауыстырылған. Жасанды жамылғы төселген спорт алаңы салыныпты. Балалардың ойын алаңы қоршалып, екі сырғанақ, үш алтыбақан орнатылған екен. Аймақ басшысы пәтер иелері кооперативінің төрайымымен кездесіп, көпқабатты тұрғын үйдің жағдайын сұрап білді. Әр ай сайын пәтер иелері кооперативінің төрағалары сол үйдің тұрғындары алдында есеп беретінін айтып өтті.
Рамазан БАЯҚҰЛЫ.
Суреттерді түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар