Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Тарифті көтеруге әуестік - АРҚА АЖАРЫ

Тарифті көтеруге әуестік

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Әсет Құрашев журналистерге «Монополияға қарсы орган ретінде бәсекелестікті қорғау, тарифтік жүйелендіруші ретінде табиғи монополияларды реттеу» тақырыбында брифинг өткізіп, сала бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтып берді.

Бүгінгі таңда департаменттің қызметі табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы қызметті реттеу, сондай-ақ, тұтынушылардың, табиғи монополиялар субъектілерінің және реттелетін нарықтар субъектілерінің мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге бағытталып отыр.
Брифингте баяндама жасаған департамент басшысы орынбасарының айтуынша, «Көкшетау жылу» коммуналдық кәсіпорны мен «Көкшетау энерго орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2016-2017 жылдар аралығында жылу мен электр энергиясына тарифті көтеру жөнінде бірнеше рет өтінішпен жүгінген. Алайда, табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау департаменті тарапынан бұған рұқсат берілмеген. «Көкшетау жылу» коммуналдық кәсіпорны ұзақ мерзімдік тариф бойынша облыс орталығын жылумен қамтамасыз етіп келеді. Осыған сәйкес жылуға сараланған тариф деңгейі тұтынушылар үшін 2015 жылдың 1 желтоқсанынан 2020 жылдың 31 желтоқсаны аралығындағы ұзақ мерзімге бекітілген болатын.
– Ағымдағы жылдың қыркүйек айында «Көкшетау жылу» коммуналдық кәсіпорны жылумен қамтамасыз ету бойынша сараланған тарифті өзгерту туралы ұсыныс жасады. Оған есептеу аспаптарын қолданатын абоненттердің азаюы салдарынан қызмет көрсету көлемінің өзгеруі себеп болған. Алайда, нақты негіз болмаған соң қолданыстағы заңнама талаптарына сай кәсіпорынға тариф көтеруге рұқсат етілмеді, – деді Әсет Құрашев.
Бұл – «Көкшетау жылу» коммуналдық кәсіпорнының биылғы жылға екінші рет жылу тарифін көтеруге ұмтылысы. Екеуінде де аталмыш департамент тарапынан рұқсат етілмеген.
Ал, электр энергиясының құнына келетін болсақ, қазіргі кездегі тариф «Көкшетау энергия орталығы» серіктестігінің Ақмола облысы бойынша табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау департаментімен 2016 жылдың 1 қаңтарында бекітілген келісіміне сәйкес жүзеге асырылуда. Дегенмен, «КЕGОС» акционерлік қоғамы 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап, тарифті көтеруіне байланысты «Көкшетау энергия орталығы» серіктестігі тарапынан электр энергиясының ақысын көтеру туралы үш рет өтініш түскен.
Брифингте Әсет Құрашев келтірген мәліметтерге қарағанда, ағымдағы жылы департаментке тарифті өзгерту және бекіту туралы 65 өтініш түскен. Оның сегізін өтініш берушілер кейін өздері қайтарып алса, 22-і материалды ұсыну тәртібінің бұзылғаны үшін қараудан бас тартылды. Дегенмен, осыған қарамастан 34 тариф бекітілді. Оның ішінде 22 тариф жаңадан құрылған субъектілер немесе жаңа қызмет түрлері, нысандар бойынша бекітіліп отыр.
– Қазіргі кезде облыста ұзақ мерзімдік тариф бойынша 39 қызмет түрін көрсететін 23 субъекті жұмыс істеуде. Оның ішінде облыс орталығындағы «Көкшетау су арнасы», «Көкшетау жылу» және «Көкшетау энергия орталығы» тәрізді монополист компаниялардың қызмет ақысы 2016-2020 жылдарға ұзақ мерзімдік тариф бойынша бекітілген, – деді департамент басшысының орынбасары.

Аслан Оспанов.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар