Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Прокуратура – заңдылықты қорғаудың берік жүйесі - АРҚА АЖАРЫ

Прокуратура – заңдылықты қорғаудың берік жүйесі

1991 жылдың 6 желтоқсанында Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің «Қазақ ССР-інің прокуратура органдарының бірыңғай жүйесін құру, олардың дербестігі мен тәуелсіздігін қамтамасыз ету туралы» Жарлығына сәйкес, Қазақ ССР Бас Прокуратурасына бағынатын прокуратура органдарының бірыңғай жүйесі құрылған еді.

Прокуратура еліміздің тәуелсіз мемлекет ретінде құрылуында маңызды рөл атқарды. Заңға енгізілген өзгертулер адам өмірін қоғамның басты құндылығы ретінде көрсетіп берді. Адам құқығын қорғау Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының басты қағидасына айналды.
Жүз жылдық тарихы бар Ақмола облыстық прокуратурасының Ақмола губерниясы құрылған кезеңде-ақ негізі қаланған болатын. Бүгінде бұл құқық қорғау мекемесінде 206 жедел қызметкер мен 35 мемлекеттік қызметші еңбек етеді. Заңдылықты қамтамасыз етуде олар өздеріне жүктелген міндеттерді абыроймен атқарады.
Тәуелсіздік туралы айтқанда, біз еліміздің егемендік жылдарындағы қол жеткен жетістіктерімен ауыз толтыра мақтана аламыз. Әсіресе, тәуелсіздік жылдары мемлекетіміздің құқық қорғау органдары саласында елеулі оң өзгерістер орын алды. Үстіміздегі жылдың сәуір айында Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев қоғамдық сананы жаңғырту идеясын жария еткені баршаға мәлім. Біз өзімізден үнемі жетілуді талап ететін қарқынды дамып келе жатқан әлемде өмір сүріп жатырмыз. Осы орайда, мұны өз кезегінде жаңа форматтағы прокуратура құру жолында тарихта өз ізімізді қалдырудың жаңа мүмкіндігі деп түсінуіміз қажет.
Бүгінде прокуратураның жұмысы қоғамның қажеттіліктері мен керегін өтеуге бағытталған десек, асыра айтпаған боламыз. Қазақстан Респуб-
ликасы Конституциясының 83-бабына сәйкес, Прокуратура мемлекет атынан Республиканың аумағында заңдардың, Қазақстан Республикасының Президенті жарлықтарының және өзге де нормативтік-құқықтық актілердің дәлме-дәл әрі біркелкі қолданылуын, жедел-іздестіру қызметінің, анықтау мен тергеудің, әкімшілік және орындаушылық іс жүргізудің заңдылығын жоғары қадағалауды жүзеге асырады. Заңды бұзу фактілерін анықтау мен жою жөнінде шаралар қолданады, сондай-ақ, еліміздің Конституциясы мен заңдарына қайшы келетін заңдар мен басқа да құқықтық актілерге наразылық білдіреді. Прокуратура сотта мемлекет мүддесін қорғап, сондай-ақ, заңмен белгіленген жағдайда, тәртіпте және шекте қылмыстық қудалауды жүзеге асырады.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Бас Прокуратура Қылмыстық-процестік кодексті жаңғырту мақсатында арнайы топ құрған болатын. Қылмыстық-процестік кодексті жаңғыртудағы басты қағида осы заңнаманы қарапайым азаматтың мүддесіне ыңғайлау, істі жүргізу мерзімін қысқарту болып табылады. Қазіргі таңда прокурорлық бақылауды жетілдірудің келешегі зор. Көптеген істер электрондық форматқа ауысуда, құқық қорғау жөнінен кеңес беретін орталықтар ашылуда.
Осының бәрі Елбасымыздың «100 нақты қадам» жобасы аясында іске асып жатқанын айта кетуіміз керек. Ақмола облыстық прокуратурасы да осы қайта құрулардан шет қалып жатқан жоқ. Процессуалдық прокурор инс-
титуты енгізіліп, іс сотқа дейінгі тергеу шарасынан бас-
тап, сот шешім шығарғанға дейін түгелдей бақыланып отыратын болды. Бұл жердегі басты мақсат – қарапайым халықтың құқық қорғау органдарына деген сенімін арттыру. Облыстық прокуратура «Ұрлыққа тоқтау сал!», «Алимент» секілді жобаларды жүзеге асырып келеді. Соның арқасында соңғы жылдары облыстағы қылмыс көрсеткіші 15 пайызға дейін төмендеді.
Тұрғындарға жерді үлестіру мәселесінде де прокуратура заңдылықтың сақталуын қатаң бақылайды. Әкімдіктердің ғаламтордағы сайттарында бос жер телімдерінің электрондық картасы жасалынып, оған күллі облыс енгізілді. Қолданылмайтын 400 жайылым алқабы анықталып, 50 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды. Алимент өндірісі бойынша істер екі есеге қысқарса, қарыз көлемі 47 пайызға төмендеді.
Прокуратура органдарының атқарып жатқан шараларының барлығы да заңдылықтың сақталуын қадағалауға, облыстың әр тұрғынының құқығына қатысты мәселесін шешуге бағытталған. Жүзеге асырылған реформалардың арқасында тәуелсіз еліміздің прокуратурасы кез келген мәселені шешуге, алдына қойылған міндеттерді дұрыс орындауға мүмкіндік алды. Адамдардың заң күшіне деген сенімі, оның нормаларына деген құрметі біздің жұмысымызға байланысты екенін жақсы түсінеміз. Сол себепті, осы сенім үдесінен көрінуге әрі қарай да бар күшімізді салатын боламыз.

Тимур ТӘШІМБАЕВ,
Ақмола облысының прокуроры

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар