Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Атқарылған істер бар, мәселелер де аз емес - АРҚА АЖАРЫ

Атқарылған істер бар, мәселелер де аз емес

 

Облыс әкімі Сергей Кулагин Атбасар ауданына жұмыс сапарын «Полтавка-2» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мал шаруашылығы саласымен танысудан  бастады.

 

Шаруашылықта 337 бас ірі қара мал бар. Алдағы уақытта мемлекеттік «Сыбаға» бағдарламасы бойынша асыл тұқымды 90 бас герефорд ірі қара малын және 3 бұқа сатып алу жоспарланып отыр. Мұнда биыл 50 сауын сиырдан тұратын сүт фермасын ашып, келешекте оны ұлғайту көзделуде.
Осындағы жергілікті орта мектеп жаратылыстану-математика бағытында тереңдетіп оқытады. Оқушылар жоғарыдағы серіктестік есебінен ыстық тамақпен қамтамасыз етілген. Мектептің материалдық-техникалық базасы бір қарағанда жаман емес. Алайда, оқу орнының өзі  күрделі жөндеуді қажет етеді. Осы орайда, 44,7 миллион теңгенің жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп, ол мемлекеттік сараптамадан өткен. Облыс әкімі осында болғанында  серіктестік басшысы Николай Белобровқа мектеп мәселесімен айналысуды тапсырды. Биыл мектеп бітіретін түлектермен кездесу де әсерлі өтті.  11 сынып оқушысы Виолетта Беккерт осы селодан Ұлы Отан соғысына қатысқан майдангерлер жайлы көрмемен таныстырды. Бұл елді мекеннен де 88 боздақ ұрыс даласында қалған екен.
Облыс әкімі Полтавкаға Калачиден көшіп келген Яна Овсейчиктің үйінде болып, қал-жағдайларын сұрастырып білді. «Алтын дән» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі үй, жұмыс берумен қоса, қысқы отыны мен көміріне дейін жеткізген екен. 500 мың теңге көлемінде  көтерме ақы төленіпті. Үй иелері шаруашылық басшыларына  осындай қамқорлықтары үшін ризашылықтарын білдірді. Қоныстанушылардың балалары да Родион негізгі мектебінде оқуларын алаңсыз жалғастырып жатқан көрінеді.
 Өткен жылы көктемгі су тасқынынан зардап шеккен Атбасар қаласының тұрғындары осыған дейін түгелге жуық жайлы баспанамен қамтамасыз етілген болатын. Солардың ішінде Владимир Куликовский және Гүлнәр Түсенова да өз отбасыларымен бүгінде «Болашақ» шағын ауданында салынған көп қабатты  үйдің екі бөлмелі пәтерлерінде тұрып жатыр. Олар қысылтаяң кезеңде қол ұшын берген облыс басшыларына дән риза. Бүгінгі пәтерлері бұрынғысынан жайлы әрі жылы екендіктерін айтады. Аудандағы «Интер Трайд» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі астықты қабылдау, тазалау және сақтаумен айналысады. Мұнда ұн өнімдерін шығарып, өз елімізбен бірге, көршілес Қырғызстан, Өзбекстан мемлекеттеріне де жөнелту жолға қойылған. Кәсіпорында қолданылатын заманауи технологиялар мемлекеттік стандарттарға сай өнім өндіруге толық мүмкіндік беріп отыр.
Бұдан кейін облыс әкімі аудан орталығындағы №1 Атбасар индустриалдық-техникалық колледжінде  болды. Бұл оқу орнында он төрт мамандық бойынша 635 оқушы білім алуда. Өткен жылы оқу бітірген 329 түлектің 70,4 пайызы жұмыспен қамтамасыз етілген. Колледж оқушылары теориялық білімді зертханалардағы тәжірибе жұмыстарымен бірге ұштастыруда.  Осының бәрін шағын көрмеден айқын аңғаруға болады. Бір әттеген-айы, колледж ғимаратының алдыңғы беті жөндеу жұмыстарын қажет етіп тұр. Облыс әкімі бұған қоса, оқу орнының  алдын абаттандыру жөнінде де тапсырма берді.
Қалалық мәдениет үйінде өткен аудан әкімі Андрей Никишовтың тұрғындар алдындағы есеп беру кездесуінде өңірдің экономикасына, басқа салаларға қатысты  көп жайлар қамтылды. Баяндамада мал шаруашылығы мен егіншілік саласындағы жетістіктер тілге тиек етіліп, 50 жаңа техника сатып алынғаны атап көрсетілді. Төрт түлікте де өсім бар. «Сыбаға» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 300 бас ірі қара мал сатып алу көзделуде. Жаз шыға, білім ордалары мен  қала көшелері күрделі жөндеуден өткізілмекші. Жұмыс жөнінде өтініш жасаған 944 адамның  909-ы тұрақты жұмыспен  қамтамасыз етілген.
Кездесуде сөйлеген сөзінде Сергей
Кулагин аудан тұрғындарының әл-ауқатын көтеру мәселесін жан-жақты саралап шығу  қажеттігін алға тартты.
– Шағын және орта бизнесті барынша қолдау керек. Қолда бар мүмкіндіктерді ұтымды пайдалансақ, ауданның әлеуметтік-экономикалық жағдайы да жақсара түседі. Бұл үшін жергілікті атқарушы және өкілетті органдар, кәсіпкерлер ортақ мүдде жолында қоян-қолтық, бірлесе жұмыс істеп, қолға алған істен нәтиже шығара білулері қажет,–деген облыс әкімінің сөзі залда да түсіністікпен қабылданды. Осы жолы облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына лайықты  үлестерін қосқан бір топ атбасарлық азаматтар облыс әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталып, көңілдері бір көтеріліп қалды.
Атбасар ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар