Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Басты нысана – жұмыс тиімділігі - АРҚА АЖАРЫ

Басты нысана – жұмыс тиімділігі

«Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Бекмағамбетовтің төрағалығымен өткен саяси бюро кеңесінде өңірлерде партиялық жобалардың іске асырылуының қорытындысы тыңдалып, партиялық комиссия жетекшілерінің жылдық есептері және 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі партиялық бағдарламаның Атбасар ауданында орындалуының барысы талқыланды.

Саяси бюро кеңесінің кезекті отырысына облыстық мәслихаттың депутаттары, басқармалардың басшылары мен орынбасарлары, партияның аудандық және қалалық филиалдары төрағаларының бірінші орынбасарлары, бастауыш партия ұйымдарының жетекшілері қатысты.
Күн тәртібіне сай қатысу-шыларға «Ардагерлерді ардақ-тайық», «Бақытты отбасы», «Кедергісіз болашақ» атты пар-тиялық жобалардың облыс аудан-дарында қалай жүзеге асырылып жатқандығы жайында жалпы мәліметтер баяндалған соң, Целиноград және Қорғалжын аудандық партия филиалдары басшыларының бірінші орынбасарлары Рақым Түлкібаев пен Қайрат Жұмабаев есеп берді. Жалпы, Қорғалжын ауданында партиялық бағдарламаларды жүзеге асыру бойынша белсенді жұмыс жүргізіліп жатса да, арнайы тексерулер кезінде анықталған іс-қағаздарын жүргізудегі кемшіліктерге, бұқаралық ақпарат құралдарында материалдардың аз жариялануына байланысты филиал жұмысы қанағаттанарлықсыз деп бағаланды.
Кеңеске қатысушылар назарына партияның сайлауалды бағдарламалары бойынша тиісті комиссия жетекшілері – облыстық мәслихат депутаттарының, партия филиалына қарасты қоғамдық кеңестердің төрағаларының, атап айтқанда «Аграрлық сектор» бағыты бойынша «Шаңырақ» атқарушы компаниясы» ЖШС-нің бақылау кеңесінің төрағасы Максим Божконың, «Жұмыспен қамту және халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау» бағытында «Той дастархан» ЖШС-нің директоры Елена Мащинскаяның, кәсіпкерлерге қолдау көрсету, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестердің төрағалары Нартай Ысқақов пен Серік Аяғановтың есептері ұсынылып, олардың кейбірінің көтерген мәселелері алдағы уақытта облыстық мәслихат депутаттарының қарауына жіберілетін болды.
Осы орайда, «Мирас» қоғамдық кеңесінің төрағасы, партия мүшесі Мейрамбек Қиықов ресми жиындар мен отырыстарда басшылардың есептері мен баяндамалары тек орыс тілінде әзірленіп, мемлекеттік тіл – қазақ тілі шет қалатынына, қазақтардың өздері тек өзге тілде шүлдірлейтіндігіне қатысты мемлекеттік мекемелердің қызметкерлеріне, партияластарының атына сын айтты. Бұл мәселе партия филиалы басшысының бірінші орынбасары Ғалым Бекмағамбетовтің тарапынан да қолдау тауып, алдағы уақытта өтетін жиындарға қатысты ақпараттар мен бағдарламалар, хаттамалар қазақ тілінде әзірленетіндігі мәлімделді.
Кеңес барысында қаралған тағы бір мәселе – Атбасар ауданындағы бастауыш партия ұйымдарының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы партиялық бағдарламасының жүзеге асырылуы. Жасырары жоқ, соңғы жылдары бұл ауданның бұрынғы басшысы, партия филиалының бұрынғы төрағасынан бастап, бірқатар лауазымды тұлғалар сыбайлас жемқорлық әрекеттері үшін жауапкершілікке тартылып, қызметтен алыстатылды. Бұл орайда, аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қорлан Тажденова,
аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жетекшісі Күнім Жұмаенова, «ЖКХ» бастауыш партия ұйымының төрағасы Денис Конышевтар есеп беріп, олардың да жұмыстары қанағаттанарлықсыз деп танылды.
Саяси бюро кеңесінің соңында «Нұр Отан» партиясының бағдарламалық міндеттері мен мақсаттарын жүзеге асыруға, сондай-ақ, қоғамдық жұмыстарға белсене қатысып жүрген бір топ азаматтарға партия төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммедтің атынан Алғыс хаттар табыс етілді.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар