Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Әрдайым мақтан тұтамын - АРҚА АЖАРЫ

Әрдайым мақтан тұтамын

Мемлекетке қызмет ету бала күннен бергі арманым болатын. Әкем мен анамның шыншылдыққа, шешендікке жастайымнан баулығаны себепкер болған шығар, әйтеуір бала болсам да Отаныма қызмет етуден асқан бақыт жоқ деп жиі ойланатынмын. Әлі де сол пікірдемін.

Мен – қазақ еліне ғана емес, барлық әлемге танымал әсем қоқиқаздар мекені аталып кеткен – Қорғалжын ауылында 1989 жылдың 5 шілдесінде дүниеге келдім. Бала кезден бастап ауыл ақсақалдарының ортасында отырып, олардың ақыл-кеңестерін, көрген-білгендерін, өмірдің өзінен түйгендерін тыңдап өстім. Даланың даналығын бойына сіңірген, ақылы кенен, жасы үлкендерге, жалғыз жасы ғана үлкен емес, дүниетанымы мол сол адамдарға құрметпен қарайтыным әлі есімде. Отан туралы ой, оған деген сүйіспеншілік, қызмет ету парызы сол кезден бастап қалыптасты. Ер жетіп, орта білім алғаннан кейін қалайда мемлекеттік қызметке кіруім қажет деп шештім.
Ол үшін жоспар құрып, алдымен Отан алдындағы борышымды өтеп келдім. Кейіннен Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінде заңгер мамандығы бойынша жоғары білім алып, конкурс арқылы мемлекеттік қызметке қабылдандым. Біршама жұмыс орнын ауыс-
тырсам да, үнемі мемлекеттік қызметтен ажыраған емеспін. Бүгінде облыс әкімі аппаратының құқық бөлімінде бас маман қызметін атқарып келемін.
Бұл ретте айтайын дегенім, өмірде алдыңа қойған мақсатың болса алынбайтын қамал жоқ. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың салиқалы саясатының арқасында жастардың алдында үлкен мүмкіндіктер ашылуда. Солардың бірі – мемлекеттік қызметке орналасудағы айқындылық.
Мемлекеттік қызметте барлық лауазымды орындар ашық әрі жария түрде жүргізілетіндіктен оған орналасуға ешқандай кедергі жоқ. Тек білімің мен білігің болып, ілгері талпынсаң болғаны.
Өз басым мемлекеттік қызметші болғанымды әрдайым мақтан тұтамын, өз жұмысымды абыроймен атқаруға, жергілікті жерлерде Елбасы саясатын жүргізуге арналған тапсырмалардың бұлжытпай орындалуын қадағалауды өз парызым, әрі азаматтық міндетім деп түсінемін.
Баршаңызды келе жатқан қасиетті мереке – Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын деп тілек тілегім келеді.

Даниярбек НҰРСЕЙІТОВ,
Ақмола облысы әкімі
аппаратының бас маманы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар