Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Туризм – мол мүмкіндік - АРҚА АЖАРЫ

Туризм – мол мүмкіндік

 

Облыс әкімінің орынбасары Дулат Нұрмолдиннің төрағалығымен өткізілген мәжілісте өңірде туризмді одан әрі  дамытудың жай-жапсары талқыланды.

 

Облыстық туризм басқармасының, ұлттық табиғи парктер мен туристік кешендердің және қонақ үйлердің басшылары қатысқан  мәжілісте 2012-2013 жылдарға арналған «Щучинск-Бурабай курорттық аймағын дамыту» бағдарламасының іске асырылуы және 2014-2016 жылдарға арналған осы аттас бағдарламаның орындалу барысы туралы мәселелер қаралды. Бұл жөнінде  облыстық туризм басқармасының басшысы Шынарбек Батырханов хабарлама жасады. 2014 жылы облысқа осы мемлекеттік бағдарламасының аясында  бөлінген 4 миллиард теңге қаржының 3,7 миллиард теңгесі игерілген болып шықты.
– Бұл қаржы негізінен, жолдарды жөндеу, ауыз судың сапасын, экологияны жақсарту, туристік инфрақұрылымды дамытып, туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларына жұмсалды. Сондай-ақ, парк хаус, тирасса парк, жабық теннис корты, кең көлемде ойын-сауық қызметін көрсететін вейк парк тәрізді туристік нысандар іске қосылды. Қазіргі уақытта Астанада өтетін «ЕХРО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне дайындық жұмыстары қызу қолға алынуда, – деді  басқарма басшысы.  
Ақмола өңірінде жалғыз Бурабай ғана емес, сонымен қатар, Зеренді, Сандықтау, Қорғалжын сияқты өңірлер де туризмге сұранып тұр. Сондықтан, осы өңірлердегі туризм саласына қатысты өзекті мәселелер де талқыланды. Соның ішінде, баға мәселесі, айталық, Бурабай курорттық аймағындағы қонақ үйлер мен қоғамдық тамақтандыру орындарында бағаның шарықтап тұрғаны да айтылмай қалған жоқ.
Облыс әкімінің орынбасары Дулат Нұрмолдин өзінің қорытынды сөзінде 2014-2016 жылдарға арналған Щучинск-Бурабай курорттық аймағын дамыту бағдарламасында қарастырылған жобалардың тезірек іске асырылуы тиіс екендігіне тоқтала келе, осы мәселелердің бәрі әкімдік тарапынан бақылауға алынатындығын мәлімдеді.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар