Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
енді айтылғанды орындай білуіміз керек - АРҚА АЖАРЫ

енді айтылғанды орындай білуіміз керек

Өткен сәрсенбіде Үкіметтің кеңейтілген отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осы жылға және орта мерзімді перспективаға арналған экономикалық саясаттың нақты шараларын белгіледі. Бұл жолы да білім саласы назардан тыс қалмағанына қуандық.

  Ұлт көшбасшысы отырыс барысында әлемдік дағдарыс жағдайы біздің мемлекетке салқынын тигізбеуі керектігін айта келе, білім беру саласында жаңғырту жұмыстарын жалғастыру қажеттігіне тоқталды. Әлемде орын алып жатқан осынау жағдай Мемлекет басшысының салиқалы саясатының арқасында біздің елде өткен жылғыдай тақа білінбейді деп сенемін. Елбасы әлеуметтік міндеттемелерді қысқартпай, оның есесіне кейбір мәдени шараларды тоқтату жөнінде сөз қозғағаны құптарлық дүние. Өйткені, бүгінгі күні шынымен де, түрлі мерейтойлар мен мәдени шаралар көбейіп кетті. Қаржыны осындай мега-жобалар мен той-томалаққа ысырап еткенше, бюджетті қысқартып, балалардың білім алуына, яғни, ұрпақ қамына жұмсаған жөн. Бұл жөнінде Мемлекет басшысының білім беру саласында «Балапан» бағдарламасын жүзеге асыруды, орта білім бойынша жан басына қаржыландыру тәртібіне көшуді және 12 жылдық білім беру моделіне біртіндеп өтуді жалғастыру қажет деп атап өткені өте жөн.  
Біздің облыста 24 мыңнан астам бүлдіршіннің бала бақша кезегінде тұрғаны белгілі. Сондықтан, білім саласында салына бастаған және жоспарланған құрылыстар мен бағдарламалар жалғасын тауып, жүзеге асырылса дұрыс болмақ. Өткен кезеңде біздің ауданда бірқатар мектептер жаңадан салынып, оқушылар игілігіне берілді. Атап айтқанда, Сәуле ауылындағы мектептің құрылысы аяқталса, Мақпалда жүргізіліп жатыр. Осының арқасында адамдар жұмыспен қамтылуда.
Бізде жұмыссыздық мәселесі шет мемлекеттерге қарағанда, әлдеқайда шешімін тапқан. Ауылымыздағы «Кеңашы» агрофирмасы» элеваторы мен «Өркен-Атансор» кенішінде өзіміздің жергілікті тұрғындармен қатар, жақын ауылдардың азаматтары да жұмыс істеп жатыр. Айлықтары да кешіктірілмей, уақытында беріліп тұрады. Сондай-ақ, бұл мекемелер ірі мерекелерге ауылдағы орта мектепке және «Балапан» бағдарламасы аясында ашылған «Ақбота» шағын орталығына демеушілік көмек жасауды әдетке айналдырған. Міне, осындай үлгілі ауылдар көбейіп, ел игілігі жолында аянбай еңбек ететін азаматтар көп болса, ешбір қиындық бізге кедергі келтіре алмайды. Елбасының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауының да мақсаты осы деп білеміз.
Руслан ТАМЕНОВ,
Еңбекшілдер орта мектебі
директорының оқу ісі жөніндегі  орынбасары.

Еңбекшілдер ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар