Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Бюджет қайта қаралды - АРҚА АЖАРЫ

Бюджет қайта қаралды

Облыс әкімі Сергей Кулагин қатысып, сөз сөйлеген облыстық мәслихаттың кезектен тыс отыз төртінші сессиясында өңір бюджеті нақтыланып, басқа да маңызды  мәселелер қаралды. 

  Облыстық мәслихат депутаты Ғалымбек Баймышевтың төрағалығымен өткен сессия жұмысына облыстық мәслихат хатшысы Нина Дьячек, облыс әкімінің орынбасарлары, бірқатар облыстық басқармалардың басшылары қатысты. Алдымен, сөз алған облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Бауыржан Мәлғаждаров ағымдағы жылдың нақтыланған бюджетінің жобасын  депутаттар назарына ұсынды.  Мұнда негізінен Үкіметтің кеңейтілген отырысында ел Президенті ерекше тоқталған үнемдеуге көшу жағдайына орай жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын инвестициялық жобалар қайта қаралып, әкімшілік шығындар қысқартылған. Сондай-ақ, кейбір жобалар мен шараларды жүзеге асыру мерзімі де кейінге шегеріліп отыр. Дегенмен,  жекелеген инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жалғасып, әлеуметтік саланы қаржыландыру көлемі бұрынғы қалпында қалмақшы.   
Астана қаласы маңындағы азық-түлік белдеуін дамытудың 2015-2018 жылдарға арналған кешенді бағдарламасын халық қалаулыларының назарына ұсынған облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Димаш Таласбаев бұл жоба ойдағыдай орындалатын болса, алдағы үш жылда елорданы сүтпен 60, етпен 70, жұмыртқа, картоппен  100, орамжапырақ, сәбіз, қызылша сияқты көкөніс түрлерімен 46 пайызға қамтуға болады деді.
Сондай-ақ, сессияда күн тәртібіндегі мәселелер бойынша облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Владимир Фелбелт,  облыстық ветеринария басқармасы басшысының міндетін атқарушы Базарбай Бұлашев, облыс әкімі аппараты басшысының міндетін атқарушы Николай Политкин хабарлама жасады.
Облыстық мәслихат аппаратының басшысы Әділхан Шаяхметов әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссияның төрайымы Людмила Богапованың облыс аумағынан тысқары жерге кетуіне байланысты комиссия төрағалығына Сағынтай Елубаевты ұсынды. Сонымен қатар,  ол Еңбекшілдер ауданының әкімі болып тағайындалған Асқар Қиықовтың депутаттық уәкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы өтініш бергенін жеткізді.
Сессия жұмысын қорытындылаған облыс әкімі Сергей Кулагин бюджетке енгізіліп отырған әрбір жоба өзінің жіті назарында екенін айтты.
–Биылғы жылдың нақтыланған бюджет жобасында әлеуметтік салаға басымдылық беріліп отыр. Қолда бар аз қаражатты сығымдай келе білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет пен спорт саласын дамытуға барынша көбірек қаржы қарастырып отырмыз. Ендігі жерде әр теңгенің мақсатты жұмсалуына мән беретін боламыз, – деді ол өз сөзінде.
Сессияда қаралған барлық мәселелер бойынша тиесілі шешімдер қабылданды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар