Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ақмолалықтар Ассамблея ұсынысын қызу қолдауда - АРҚА АЖАРЫ

Ақмолалықтар Ассамблея ұсынысын қызу қолдауда

Көкшетаудағы «ENKI» кірпіш зауытының еңбек ұжымы бірауыздан Президент сайлауы елдің одан әрі жедел дамуына жол ашатынын мәлімдеді.

Бүгінгі таңда өңіріміздегі ірі өндіріс ошағы саналатын бұл кәсіпорын  құрылыс компанияларын  сапалы өнімдермен қамтамасыз етуде. Ұжым жиналысында сөз сөйлеген зауыттың бас инженері Вадим Бурыкин, директордың құрылыс жөніндегі орынбасары Ермек Бәйімбетов, цех басшысы Ербол Шәкенов, зертхана басшысының міндетін атқарушы Ольга Лобанова және балшық дайындау операторы Елдос Айтмұхаметовтың ойлары бір жерден шықты. Олардың барлығы да Президент сайлауын мерзімінен бұрын өткізу жөніндегі бастаманы қызу қолдап, Мемлекет басшысының сарабдал саясаты мен еліміздің бәсекелестікке қарсы тұра алатын мықты экономикасының арқасында Қазақстан ертеңгі күні әлемдегі озық отыз елдің қатарына кіре алатынына зор сенім білдірді. Әлемде орын алып отырған әлеуметтік-экономикалық, саяси дағдарыстан елді мүдірмей өткізіп келе жатқан Елбасы жаңа сайлауда да халықтың жаппай қолдауына ие болатыны сөзсіз.

 

«Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Еркін Исімбаев БАҚ өкілдерімен кездесіп, Ассамблея  ұсынысы туралы өз ойын білдірді.

– Облыстың үкіметтік емес ұйымдарының атынан бұл бастаманы қызу қолдайтынымызды айтқым келеді. Әлемдегі экономикалық тұрақсыздыққа байланысты мерзімінен бұрын Президент сайлауын өткізу еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайына тек ғана игі ықпалын тигізеді. Қазір көршілес елдерде түрлі саяси оқиғалар орын алуда. Ал, Қазақстанда тұрақтылық, ұлтаралық келісім, жұмыс, молшылық, бәрі де бар. Сондықтан, біз халыққа осындай игі жағдай жасап отырған Елбасына әрқашанда қолдау білдіреміз, – дей келе, ол барлық ақмолалықтарды Елбасының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын бір кісідей іске асыруға белсене қатысуға шақырды.

 

Облысымыздағы үкіметтік емес ұйымдар өкілдері биыл Президент сайлауын өткізіп алуды дұрыс шешім деп бағалады.

Жиынды ашып, жүргізіп отырған «Ақмола облысының азаматтық альянсы» заңды тұлғалар бірлестігінің төрайымы Галина Шеварева әлемдік экономика мен саясатта орын алып отырған жағдайға орай,  келесі жылы екі ірі саяси оқиғаны қабаттастырғаннан гөрі биыл соның маңыздысын өткізіп алудың қай жағынан болмасын, жөн екендігін жеткізді.  
Ал, «Ауған соғысы мүгедектері мен ардагерлерінің одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Дуанбай Ыбырай «Қазақстан» деген жас мемлекетті әлемге мойындатқан Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың кемеңгерлігіне тоқталды. Облыстық жастар ресурстық орталығының директоры Тимур Ысқақов ақмолалық жастардың да аталған пікірге қосылатындығын атап өтті. «Kazakhstan Inоvation» қоғамдық бірлестігінің төрайымы  Мәриям Әбішева әлемдегі күн сайын құбылып жатқан саяси жағдайдың елімізге қатты әсер етпеуі үшін осы бастан бағыт-бағдарымызды нақтылап, Президентімізді сайлап алғанымыз жөн деген ой айтты. Жиында осыған байланысты Үндеу қабылданды.

 

Көкшетау қалалық ауруханасындағы сайлау жөніндегі басқосуда мемлекетіміздің дамып, өркендеуінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың  еңбегі өте-мөте зор екендігі айтылды.

Жиынды ашып, жүргізіп отырған аурухананың бас дәрігері Серік Кәкенов Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауында алға қойылған бірқатар міндеттерді саралай келе, экономикалық дағдарыстың алдын алу, әлеуметтік сала мен сыртқы нарықтағы жағдайды бақылау, экономикалық өсім мен халықты жұмыспен қамту, шағын және орта бизнесті дамыту, банк секторы, жаңа инвестицияларды тарту, ЭКСПО, көлік, тұрғын үй, әлеуметтік инфрақұрылымдарды жақсарту тұрғысындағы еліміздің қарқынды қадамы туралы өз ойымен бөлісті.
– Күні кеше барлығымыз Елбасының Қазақстан халқына арнаған Жол-дауына куә болдық. Президент Жолдауын тұңғыш рет «Нұр Отан» партиясы саяси кеңесінің отырысында жария етті. Бұл ел Президентінің көшбасшы партияға деген тегеурінді қолдауы мен терең сенімін білдіреді. Біз бұл Жолдауды қазіргі геосаяси жағдайға және жаһандық қаржы экономикалық дағдарысқа қарсы ұсынылған стратегиялық құжат деп қабылдасақ, Елбасын осы жоспардың жүзеге асырылатынының тікелей кепілі деп білуге болады. Сондықтан, бел ала түскен саяси-экономикалық дағдарыстың алдын алу үшін ел Президенті сайлауының тез арада өткізілуі құптарлық әрі ол халықтың алдағы күндерге сенімін одан әрі нығайта түспекші.
Жиында сөз алған бөлімше меңгерушілері Сергей Зиборов, Сәкен Тұрсынбаевтың да ой-пікірлерінің түйіні осы болды.

 

Аслан ОСПАНОВ,
Перизат ӘБІЛҚАСЫМҚЫЗЫ, Ақмарал ЖАНҒАЛИЕВА,
арнаулы тілшілеріміз.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар