Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жаңа технологияны қолдану – заман талабы - АРҚА АЖАРЫ

Жаңа технологияны қолдану – заман талабы

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолда-уында біздің алдымызда тұрған басты міндеттерді тағы бір саралап берді.
Мен өзім Елбасының сонау тоқсаныншы жылдардың соңынан бергі жарияланып келе жатқан Жолдауларының бәрінің куәсімін. Оның барлығында әр жылдары елге керекті жаңашылдықтар айтылып, алдағы міндеттер белгіленді. Биылғы Жолдау Елбасының 2050 стратегиясын жүзеге асырудың нақты жолдары және әлемде жүріп жатқан төртінші өнеркәсіптік революцияның дамуына арналып отыр. Жолдаудағы 10 негізгі міндет – баршамыздан бір кісідей атсалысуды талап етеді. Одан бөлек бас-панамен қамтуды 2030 жылға қарай әр тұрғынға шаққанда 30 шаршы метрге дейін жеткізу мәселесі де қамтылған. Мемлекет басшысы өз сөзінде соңғы жылдары жүзеге асырылып жатқан бағдарламалардың арқасында Қазақстанда пайдалануға берілген тұрғын үйлердің көлемі жылына 10 миллион шаршы метрден асқанын атап өтті. Бұны әрине біз сияқты құрыш қолды құрылысшылардың еңбегінің нәтижесі десек те артық болмас.
Бүгінгі күні көп тірліктің бірі құрылысшылардың қолында деуге әбден болады. Әсем де зәулім ғимараттарды көргенде көзің сүйсінеді. Дәулеті мен сәулеті қатар ұштастырылған қазіргі заманғы нысандар көптеп салынуда. Осы орайда, облыс орталығы Көкшетау қаласының бет-бейнесі соңғы жылдарда қалай өзгергенін жергілікті тұрғындар біледі. Ескі ғимараттар көз тартар сәнді, әсем үйлерге айналып, қайта түлеуде. Жаңа үйлер мен әлеуметтік нысандар салынып қаланың көркін одан сайын аша түсуде.
Өзім басшылық ететін «Строй Тех 1С» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Көкшетау қаласындағы №18 орта мектеп ғимаратын кеңейту мақсатында басты корпуска жалғанған жаңа нысанның құрылысын жүргізуде. Қазіргі кезде инженерлік желілерді тарту, ғимараттың қабырғасын қалау, электрмен жабдықтау сияқты негізгі жұмыстар аяқталып, сыртқы абаттандыру мен ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілуде. Алдағы оқу жылына дейін нысанды пайдалануға береміз. Жолдауда айтылғандай құрылыс жұмыстарына қазіргі заманғы технологияны барынша қолданудамыз. Құрылыс материалдарының барлығы дерлік отандық өнімдер.
Елбасының әр Жолдауы қазақстандықтарды қанаттандырып, дұрыс, тура жолмен келе жатқанымызға сенімді нығайта түседі. Мемлекет басшысының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауында алға қойып отырған міндеттері ауқымымен ғана емес, нақтылығы және терең ойланып барып, ақылға салынғандығымен ерекшеленеді. Бұл Жолдауда интеллектуалды басқару жүйесі мен жаңа технологияны енгізуге көңіл бөлініп отырғандығы қуантып отыр.

Мұхтар ЕСЕНОВ,
«Строй Тех 1С» жауапкершілігі
шектеулі серіктестігінің
директоры.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар