Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қашан мәдениеттілікке үйренер екенбіз?!. - АРҚА АЖАРЫ

Қашан мәдениеттілікке үйренер екенбіз?!.

Жамбыл Жабаев пен Мир көшесінің қиылы-сында орналасқан жатақханалардың жанында күл-қоқыс бей-берекет үйіліп жатыр.

 Арнайы  жәшіктердің тұрғанына қарамастан, кез-келген жерге қоқыстарын тастай салатын тұрғындар қашан тәртіпке үйренер екен?!. Қазақта «Қазаншының өз еркі бар, қайдан құлақ шығарса» деген сөз бар. Бұл сөз жоғарыда айтып өткен  жатақханалардың тұрғындарына тікелей қатысты. Пакетпен буып-түйілгендері бір бөлек, айнала шашылған консервілер мен бөтелкелер, тұрмыстық-химиялық заттардың қалдықтары мен тіпті, ескі киім-кешектер да осы жерде.
Қоқыс тастайтын контейнерлер бар. Десек те, тұрғындар аяқтарын аттап басуға ерінетін сияқты. Олар үшін ең жеңілі қоқысты жатақхананың бұрышына тастай салу. Ал, бұл маңнан үлкен де, кіші де өтеді. Мектеп те қарға адым жерде. Бірақ, мұны елеп, ескеріп жатқан бір адам жоқ. Жалпы, екі жатақхананың айналасында шашылып-төгілген қоқыс көп. Көктем, жаз айларында бұл маңнан өту тіпті мүмкін емес. Өйткені, қоқыстан шыққан жағымсыз иіс қолқаны қапса, шашылған ескі-құсқы заттан аяқ алып жүре алмайсыз. Ал, пәтер иелерінің тұтыну кооперативі қашанғы тұрғындармен жаға жыртыса бермек. Айта-айта, шаршап қойған сияқты. Қашан өзге елдердегідей мәдениеттілікке үйренер екенбіз. Күл-қоқыстың арасында отырғанша, айнала таза тұрса, өзіміздің мерейіміз емес пе?!

Суретті түсірген Төлеген ҚОСШЫҒҰЛОВ.
 
Көкшетау қаласы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар