Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Бәрі де – ел мүддесі - АРҚА АЖАРЫ

Бәрі де – ел мүддесі

Кеше облыс әкімі Мәлік Мырзалин «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалында азаматтарды жеке мәселелерімен қабылдады.

Бұл күні қабылдауда айтылған өзекті мәселелердің бірі Егіндікөл ауданындағы су құбырын жөндеуден өткізу мәселесі болды. 2013 жылы Егіндікөл ауылынан «Степняк» стансасына дейін 15 шақырымға созылып жатқан су құбырын жөндеуден өткізу үшін жобалық-сметалық құжат дайындалған. Алайда, құны 240 миллион теңгені құрайтын бұл жоба бірнеше мәрте кері қайтарылған екен. Аудандық мәслихат депутаты Мирхат Бектұров облыс әкіміне жобаның мерзімі өтіп кеткенін, ендігі арада оны түзету үшін қомақты қаражат керектігін айтты.
–Егіндікөлдіктерді су мәселесі қинап отырғанын жақсы білеміз. Бұл сауал біз үшін де өте өзекті болып отыр. Қалай болғанда да ауылдағы ауыз су мәселесін шешуіміз керек, – деген облыс әкімі бұл сұрақты назарда ұстайтындығын жеткізді. Сонымен қатар, Қорғалжын ауданындағы Қараегін орта мектебіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу керектігі туралы мәселе көтерген «Ақжол-2030» ЖШС директоры, Қорғалжын аудандық мәслихатының депутаты Бекет Досанбаев қабылдау кезінде оң жауап алды.
Сонымен қатар, онлайн қабылдау кезінде Қорғалжын аудандық мәслихатының хатшысы Өмірбай Балғабаев, Жарқайың аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері Ғосман Ахметбеков, осы ауданның аудандық мәслихатының хатшысы Ұлболсын Ахметова да байланысқа шығып, өз аудандарында ауыз су, тұрғын үйге қатысты қордаланып қалған сауалдарын жеткізді.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар