Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ортақ ой мен ізгі ниет тоғысы - АРҚА АЖАРЫ

Ортақ ой мен ізгі ниет тоғысы

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Америка Құрама Штаттарына ресми сапары әлем жұртшылығының назарын аударған елеулі оқиға болып табылады. Қазақстандықтар Елбасымыздың АҚШ Президенті Дональд Трамппен жылы жүзді, мейлінше іскерлік жағдайындағы кездесуінде ортақ ойларымызбен өзектес мәселелердің талқыланып, оңтайлы шешімдер қабылданғанына ризашылық білдіруде.

Алпауыт Американың басшысы Нұрсұлтан Әбішұлымен Орталық Азия мемлекеттерінің өкілі деңгейінде әңгімелесіп, құрмет көрсетуі ел абыройын асқақтатады.
Қазақстан-Америка сауда-экономикалық жəне инвестициялық қарым-қатынастарын одан əрі дамытуға, сондай-ақ екі елдің іскерлік топтарын жақындастыруға арналған маңызды кездесулерде шынайы мүдделестік, ынтымақты әріптестік ауаны байқалғаны елімізге деген сенімнің нығая түскенін айғақтайды. Осы орайда, Президентіміздің жуырдағы Жолдауында белгіленген міндеттердің әлемдік ой-пайыммен сабақтас жатқандығына қол соғуға болады.
Мемлекет басшысының ресми сапары барысында авиация және ғарыштық зерттеулер, мұнай химиясы және ауыл шаруашылығы, сондай-ақ, инфрақұрылымды дамыту саласындағы жобаларды жүзеге асыруға бағытталған 7 миллиард долларға жуық қаржы көлеміндегі инвестиция және сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы 20-дан астам коммерциялық құжатқа қол қойылды. Бұған қосымша, мемлекетаралық үш құжаттың қабылдануы сапардың табыстылығын айқындайды.
Ауыл шаруашылығы саласындағы көп қырлы экономикалық және сауда айналымы байланыстарын дамытудың жаңа кезеңіне қатысты пікірлер айтылғаны да кездесудің маңызын арттыра түседі. Салалық бірлескен зерттеулер аясын одан әрі кеңейту отандық ғылыми жүйеге, шаруашылық өндірісінің өкілдеріне жауапты міндеттер жүктейтіні белгілі. Бұл осы бағыттағы жұмыстарымыздың мұхиттың арғы жағындағы мемлекеттің назарын аударып отырғандығын көрсетеді. Бірлескен зерттеулер екі елге қауіпсіз және кең ауқымды азық-түлікпен қамтамасыз етуге бағыттала бермек. Мұны жаһандану кезеңіндегі мүдделестік ретінде қабылдаймыз.
Қазақстан мен АҚШ Дүниежүзілік сау-да ұйымының міндеттемелерін орындау, қазіргі дау-дамайларды шешу, Қазақстанның инвестициялық ахуалын жақсарту және екіжақты инвестицияларды арттыру жөніндегі ынтымақтастықты жалғастырып келеді. Екі ел жақында АҚШ пен Қазақстанның жоғары лауазымды тұлғаларының сапарларын жеңілдету арқылы екіжақты байланыстарды нығайтатын аэронавигациялық келісімге де қол қойды. Алдына үлкен міндеттер қойған Қазақстан дамуына кең тынысты серпін беретін сапардың тағлымды қорытындылары қазірдің өзінде жеміс беріп тұрғаны стратегиялық әріптестіктің болашағы зор екендігіне күмән туғызбайды.
Болат МҰҚАНОВ,
Қазақ орман шаруашылығы ҒЗИ директоры, ҚР ҰҒА құрметті мүшесі,
Бурабай ауданының
құрметті азаматы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар