Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Меже – кемел келешек - АРҚА АЖАРЫ

Меже – кемел келешек

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жыл сайынғы Жолдауы еліміздегі басты саяси оқиға болып табылатындығы сөзсіз.
Президент биылғы Жолдауында Қазақстанның әлемдегі 30 дамыған мемлекеттердің қатарына кіру мүмкіндігін баса айтып, нақты он міндетке тоқталды. Президент жаңартылған білім мазмұнын тәжірибеге енгізе отырып, жаңа формация-лы түлектер тәрбиелеп, мұғалімдердің мәртебесін арттыру жайлы сегізінші міндетінде атап көрсетті.
Заманауи білім беруде цифрлық білім беру ресурстарын кеңінен қолдану «Цифрлы Қазақстанның» дамуына, өркениетті елдердің қатарына қосылудың маңызды бағдары. Мемлекетіміздің білім беру үдерісіне енген жаңартылған білім беру бағдарламасы – заман талабына сай келешек ұрпақтың сұранысын қанағаттандыратын тың бағдарламаны жүзеге асыратын ұстаздардың жалақысын 30 пайыздан жаңартылған білім беру бағдарламасының курсын аяқтаған мұғалімдердің еңбекақысы 50 пайызға дейін өсетіндігі қуантарлық жағдай.
Қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгірі болу емес, тарихи танымдық, педагогикалық-психологиялық сауаттылық, саяси экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде. Заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тәрбие ісінде жаңа технологияны шебер меңгерген білігі мен білімі жоғары жетекші тұлға – ұстаз.
Жеткен жетістіктермен тоқтап қалуға болмайды. Әрқашан тек алға жылжуы-мыз керек. Елбасымыздың қойған міндеттері еліміздің дамуына, кез-келген саладағы қарапайым адамдардың өмірін жақсартуға бағытталған.
Президентіміз құрылыс саласындағы жаңа технологиялар енгізуге де тоқталды, бұл барлық қазақстандықтардың тұрғын үй жағдайларын жақсартуға мүмкіндік береді. Денсаулық сақтау, оған жаңа технологиялар енгізуге, әлеуметтік төлемдерді, зейнетақыны арттыруға, жергілікті өзін-өзі басқаруға көп көңіл бөлінетін болады. Мұның барлығы біздің қоғамымыздың қарқынды даму жолындағы үлкен қадам жасауына мүмкіндік береді. Президентіміздің алға қойған он міндеті әр Қазақстандыққа түсінікті, еліміздің әр азаматы үшін маңызды. Елбасының бұл жолғы Жолдауы еліміздің барлық ұлағатты ұстаздарының алдағы қажырлы да қайратты еңбектеріне қанат бітіргендей болды. Еліміздің әрбір патриоты мемлекетіміздің гүлденген, жоғары мәдениетті қоғам болуы үшін, Отаны үшін аянбай еңбек етуі керек.

Талғат ЖҮНІСОВ,
Ақмола облыстық білім басқармасының басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар