Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Мәлік Ғабдуллин кітапханасы шақырады - АРҚА АЖАРЫ

Мәлік Ғабдуллин кітапханасы шақырады

Даңқты жерлесіміз Мәлік Ғабдуллин Кеңес Одағының Батыры атағын алған күн де жақын қалды. Ол кісіге бұл жоғары атақ 1943 жылдың 30 қаңтарында берілген еді.

Облыс орталығындағы Мәлік Ғабдуллин музейі осы айтулы күннің қарсаңында «Ғабдуллин кітапханасы шақырады» атты тағылымды шара өткізді. Оған жергілікті ақын-жазушылар, М.Жұмабаев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасы мен Көкшетау қалалық ақпараттық кітапханалар жүйесінің қызметкерлері қатысты.
Алдымен, музей директоры, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын Құдайберлі Мырзабек жиналғандарды жаңа жылмен құттықтап, Мәлік Ғабдуллиннің майдандағы өшпес ерлігі, бейбіт өмірдегі ұшан-теңіз еңбегі туралы баяндап берді. «Ғабдуллин кітапханасы шақырады» деп аталатын кештің мәні мен мазмұнына тоқталды.
Осы шараға келушілер үшін музейдің аға ғылыми қызметкері Аягөз Мұратқызының музей залдары бойынша жүргізген шолу-саяхаты өте әсерлі болды. Әсіресе, кітапханашылар даңқты батырдың өмір және майдан жолымен, бейбіт кезеңдегі ғылыми, ұстаздық қызметімен кеңінен танысып, бір серпіліп қалды.
Бұдан әрі Мәлік ағамыздың алғаш 1947 жылы жарық көрген «Менің майдандас достарым» кітабы бо-
йынша пікір алмасу басталды. Осы кітапты оқып, дайындалып келген кітапханашылар бұл шығармадағы оқиғалар туралы өз ойларын ортаға салып, қалың қолды бастаған қолбасшы, даңқты Бауыржан Момышұлы, Отан үшін қасық қандарын аянбаған Төлеген Тоқтаров, Рамазан Елебаев, тағы басқа ержүрек батырларымыздың ерліктерін тағы бір жаңғыртты. Тағылымды шараның ара-арасында ақын-жазушылар да әңгімеге қосылып, ел мен ердің, жердің қасиетін асқақтататын патриоттық әндер шырқалды. Осы парызбен арнайы келген Үкілі Ыбырай атындағы облыстық филармонияның әншісі Сәрсенбай Хасенов Рамазан Елебаевтың «Жас қазақ» әнін үлкен тебіреніспен әрі шеберлікпен орындап, көпшіліктің көңілінен шықты. «Менің майдандас достарым» кітабы бойынша үнқосуды музей қызметкері, жас ақын Абзал Балтабаев білікті жүргізіп отырды.
Мәлік ағамыз өзінің қысқа ғұмырында басқа жұмыстарына қоса, жазушылықпен де белсенді айналысып, «Алтын жұлдыз», «Майдан очерктері», «Ел намысы – ер намысы», «Сұрапыл жылдар» кітаптарын өмірге әкелген қаламгер. Бұл күні тағылымды шараға қатысушыларға бір қабырғаны дерлік алып тұрған даңқты жерлесіміздің жеке кітапханасы да қатты әсер етті. Оның ішінде Мәлік Ғабдуллинге үлкен ақын-жазушылардың, ғалымдардың, майдандас достарының, бір сөзбен айтқанда, халқымыздың небір бетке ұстар адамдарының қолтаңбаларымен берілген, өте ертеде басылған талай тамаша кітаптар бар. Оған шолуды музей директорының орынбасары, бас қор сақтаушысы Серікжан Құдайбергенқызы жасады. Осы кітапхананы тоқсаныншы жылдары музейге сол кездегі Қазақстан Респуб-
ликасы Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Балташ Тұрсынбаевтың көмегімен Алматыдан әскери ұшақпен батырдың келіні, осы музейдің негізін қалаушы Мәриям Кенжеахметова жеткізген.
Кітапханашылар отырысын қорытындылаған музей басшысы Құдайберлі Мырзабек ортаға өте жақсы бір ой тастады. Ол – қаладағы әрбір кітапхананың белгілі бір танымал кітапты алып, сол бойынша осындай пікір алмасулар өткізулері. Бұрын болған дәстүр қайта жалғасын тапса, бұл рухани сана-сезіміміздің өсуіне, әдебиетке деген ынта-ықыласымыздың артуына өз септігін тигізер еді. Кітапхана қызметкерлері де бұл бастаманы қолдап, іске асыратындарын айтып жатты.
«Ғабдуллин кітапханасы шақырады» кездесуінің бәрімізге ой салған бір шарапаты осы. Шараның өзі көпшілік көңілінен шығып, жоғары деңгейде өтуі музейдің осы бағытта жүргізіп отырған жұмысының бір айқын көрінісі деп ойлаймыз.
Қ.КӘКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар