Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Кезек кәсіподақ қаржысына да келіпті... - АРҚА АЖАРЫ

Кезек кәсіподақ қаржысына да келіпті…

 Көкшетау қалалық соты қызмет лауазымын асыра пайдаланып, аса ірі көлемде өзгенің мүлкіне қол сұқты деп айыпталған С.Досановаға қатысты қылмыстық істі қарады.

  Сот үкімімен С.Досанова Қазақстан       Республикасы Қылмыстық кодексінің 176 бабының 4 бөлімінің «б» тармағы бойынша (2015 жылдың 1 қаңтарына дейін күші болған) қылмыс жасалды деп танылып, 7 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды. Оның мүлкі тәркіленіп, жазасын жалпы тәртіптегі түзету колониясында өтейтін болып шешілді. Айыпталушы жазасын өтегеннен кейін 5 жылға дейін мемлекеттік және басқа ұйымдарда басшылық және өзге қызметтер мен материалдық  жауапкершілікті талап ететін қызметтерді атқара алмайды.
С.Досановадан «Астана қаласы мен Ақмола облысы білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы ұйымы» қоғамдық бірлестігінің пайдасына 17 миллион 777 мың 154 теңге көлеміндегі  материалдық шығын өндіріліп алынды. Сот С.Досанованың осы қоғамдық бірлестіктің төрайымы болған кезінде 2013 жылдың 12 сәуірінен 3 желтоқсанына дейінгі кезеңде материалдық тұрғыдан жауапты тұлға бола тұра, өзінің қызмет бабын пайдаланып, кәсіподақтың банк шотынан 14 миллион 267 мың 664 теңге қаржы алып, оны кәсіподақ кассасына тіркемегенін, сөйтіп, өз жеке басының қажетіне жұмсағанын анықтады.
Бұған қоса, айыпталушы кәсіподаққа тиесілі автокөлікті заңсыз иемденіп, қоғамдық бірлестікке 4 миллион 500 мың теңге көлемінде материалдық шығын келтірген. Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар