Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
«Қазақстанда жасалған» - АРҚА АЖАРЫ

«Қазақстанда жасалған»

 Облыс орталығында «Қазақстанда жасалған» республикалық акциясы ұйымдастырылып, тұтынушыларға елімізде шығарылатын отандық азық-түлік өнімдері таныстырылды.

 

Көкшетау қаласы әкімдігінің ұйытқы болуымен «Сулпак» сауда үйінде өткен шараға «Ақ жол» партия-сы облыстық филиалының төрағасы Серік Бейсембаев, «Ақмола облыстық кәсіпкерлер палатасы» заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы Асылбек Кенжебаев, «Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысының өңірлік өкілі Гүлім Бегалина, тұтынушылар мен БАҚ өкілдері қатысты.
– Біздің сауда орнындағы азық-түліктің 70 пайызға жуығы отандық өнімдер, – деді «Сулпак» сауда үйінің директоры Сергей Зарипов. – Олардың арасында «Көкшетау сүт зауыты», «Милк Проджект» серіктестіктері сияқты жергілікті сүт және сүт өнімдері, облыс аумағында шығарылатын құс еті, Тараз,
Петропавл, Қостанай, Көкшетау және Щучинск қалаларында өндірілген шұжық, Қостанайдың  «Рахат» және «Баян Сұлу» кәмпиттері мен «Көкшетау минералды сулары» акционерлік қоғамы тәрізді бірқатар отандық кәсіпорындардың сусындарын жиі кездестіруге болады. Сондай-ақ, облыс орталығындағы өндірісін дұрыс жолға қоя білген «Андергрупп» серіктестігінің шұлық-байпақ өнімдері қолжетімді бағамен саудаға шығарылып жатқанын айта кеткен жөн.
Сонымен қатар, орталық гастраномның өз наубайханасы бар. Осында дайындалатын торт, кекс, бөлішкелер де көкшетаулықтардың сүйікті тағамына айналған.
– Осы сауда үйінің тұрақты тұтынушыларының бірімін. Күнделікті пайдаланып жүрген азық-түліктің барлығын дерлік осыдан аламын, – деп ағынан жарылды  бұл орайда, қала тұрғыны Бибігүл Қапарова. Сондықтан да, тұтынушыларға айтарымыз, өз еліміздің жанашыры болып, өзімізде шығарылған өнімдерді сатып алғанымызға не жетсін.  
Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар