Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Басты мақсат – халық сенімі - АРҚА АЖАРЫ

Басты мақсат – халық сенімі

Халық алдында депутаттық есеп беру – маңызды іс болып табылады. Қазіргі таңда мәслихаттардың әлеуметтік рөлі артуда және олардың қоғамды демократияландыруда, Елбасы Н.Назарбаевтың Жолдауында көрсетілген мәселелерді жүзеге асыруда ықпалы зор.

Азаматтардың тұрмыстық жағдайын жақсартуға қатысты мәселелерін шешуде мәслихатта төрт комиссия құрылған. Мен бюджет және экономика сұрақтарымен айналысатын комиссияға төрағалық етемін. Жұмыс барысында 2018-2020 жылдарға арналған бюджет жобасы қарастырылды. Бұл мәселе комиссия отырыстарында мұқият талдау-дан өтті. Сондай-ақ, 2017 жылға арналған облыстық бюджеттің орындалуын зерделеу бойынша егжей-тегжейлі жұмыс жүргізілді. Талдамалар нәтижесінде, қаражатты игеру мен жобаларды іске асыру барысында жекелеген кемшіліктер мен ақаулар анықталды. Осыған байланысты сыни ескертпелеріміз жиылыстар мен мәслихат сессияларында қарастырылды. Өз қызметімде комиссия төрағасы ретінде облыстық бюджеттің әлеуметтік бағдарлы болуын көздеймін, қиын-қыстау кезеңде халық ең жоғары қауіпсіздікте болу керек деген ұстанымдамын. Бюджет қаражатының тиімді жұмсалуына жергілікті атқарушы органдар мейлінше жауапкершiлiкпен қарауы тиiс деген ойдамын.
Облыстық мәслихат арқылы жергілікті бюджетті жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға шамамен 75 миллиард теңге сомасындағы үш жүздей маңызды ұсыныс жіберілді. Осы ұсыныстардың 35-ін іске асыру үшін (бастамалардың 13%) оң шешім қабылданғанын атап өту керек.
Мәслихаттардың аймақтағы жергілікті мәселелерді шешуде атқаратын рөлі зор. Мен депутаттық қызметімде жалпыұлттық «Келешекті бірге құрайық» қағидасын ұстанамын. Мұнда басты бағыт сайлаушылардың тапсырмасын жүзеге асыру болып табылады. Жыл барысында «Нұр Отан» партиясы Ақмола облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде белсенді жұмыс жүргізілді. Онда 35 азамат жеке сұрақтары бойынша қабылданды. Жеке қабылдаудағы басым мәселелер тұрғын үй-коммуналдық және әлеуметтік са-уалдар екендігін атап өткім келеді. Осы өтініштер бойынша және азаматтарға қолдау көрсету мақсатында жергілікті атқарушы органдарға, облыстық басқармаларға және департаменттерге депутаттық сауалдар жіберіледі. Сондай-ақ, 2017 жылы екі жазбаша үндеу ұйымдастырылды. Бұл үндеулердегі мәселелер орындау үшін жергілікті атқарушы органдар мен қалалық емдеу мекемелерінің назарына жеткізілді. Бір мәселе оң шешімін тапты. Қызметімнің ерекшелігіне байланысты, медициналық қызмет
сауалдары бойынша сайлаушылардың үнемі хабарласып отыратынын айта кету керек. Оларға мүмкіндігінше қолдау көрсетіліп, қажетті көмек ұсынылады.
Сонымен қатар, «Нұр Отан» партиясының міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізуді айқындайтын стратегиялық бағдарламалық құжаттарын түсіндіру мақсатында үлкен жұмыстар атқарылуда. 2017 жылғы мәслихат жұмысы барысында 41 кездесу өткізіліп, 3000-нан астам адам жүргізіліп жатқан реформалар туралы ақпарат алды. Бұлардың біршама бөлігі аудандарда өтіп, тұрғындармен кездесулерде өте көп мәселелер қарастырылды. Бұдан басқа, бұқаралық ақпарат құралдарында талқыланған мәселелер бойынша мақалалар жарияланып, телеарналарда сұхбаттар жүргізілді.
Облыстық депутаттық корпус қызметінің маңызды бөлігі қайырымдылық жұмысы болып табылады. «Ардагерлерді ардақтайық – егде жастағы адамдарға қамқорлық көрсету» партиялық жобасы шеңберінде Көкшетау қаласында тұратын Ұлы Отан соғысының 20 ардагеріне материалдық көмек көрсетілді және салалық мамандардың кеңестері ұйымдастырылды.
Ақмола облыстық ауруханасында 2017 жылы ардагер-медицина қызметкерлері арасында денсаулық сақтау тобы құрылды, спорттық жабдықтар сатып алынды. Егде жастағы адамдарды әлеуметтік қолдау айлығындағы іс-шаралар барысында аурухана зейнеткерлеріне 1 миллион 435 мың теңгенің материалдық көмегі көрсетілді.
Қорытындылай келе, облыстық мәслихаттың депутаты ретінде өз қызметімде жеке топтардың мүдделерін қорғамайтынымды атап өткім келеді. Менің негізгі депутаттық қызметім қалаға, облысқа, осында тұратын халықтың мүддесіне бағытталған.

Серік Аяғанов,
Ақмола облыстық ауруханасының бас дәрігері, облыстық мәслихаттың депутаты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар