Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жастық сәні - АРҚА АЖАРЫ

Жастық сәні

Көкшетаудағы облыстық әдебиет және өнер музейінде «Жас тұлпар» шығармашылық жастар клубының мүшелері Ақан сері атындағы Көкшетау мәдениет колледжі білім алушыларының «Жасампаз жастық» атты көркемсурет көрмесін ұйымдастырды.

Шараның басты мақсаты – «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында жастар шығармашылығын жұртшылық назарына ұсына отырып, өнер адамының еңбек жолын көркемсурет арқылы бейнелеп, жан дүниесін ашу. Халықты мәдени орындарға тарта отырып, олардың эстетикалық талғамын қалыптастыру мен музей ісінің алға басуына және танымдылығының артуына ықпал ету жағы тағы бар.
Шара барысында музей директоры Нұрбек Нұралы және колледждің дизайн циклы әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Қанат Дүйсекеев құттықтау сөз сөйледі. Одан әрі дизайн бөлімі білім алушыларының өз қолдарымен тіккен сән үлгілерінің көрсетілімі болып, келушілер «Замандасымның портреті» (Лолита Хугаева), «Тылсым табиғат» (Айым Имағамбетова), «Пейзаж» (Қабен Нұрсұлтан) сияқты майлы бояумен салған туындыларды тамашалады. Әсіресе, зергерлік бұйымдармен әшекейленіп жасалған «Томирис костюмі» (Альбина Ниаз) ерекше көз тартады. Осындай кең залда шәкірттерінің шығармашылығын шыңдауға жол ашқан музей ұжымына
колледж оқытушылары да дән риза.
Көрмеге аталмыш колледж ұжымымен бірге Көкшетау қаласы тарихы музейінің директоры Ботагөз Ғабдуллина бастаған өнер сүйер қауым өкілдері қатысты. Көрмені бір ай бойы тамашалауға мүмкіндік мол. Мұндай игі шаралар әдебиет және өнер музейінде жиі өткізіліп тұрады. «Жас тұлпар» инновациялық жобасына қоса, «Қазыналы қара шаңырақ» жобасы да музей қызметкерлерінің ізденуімен игі жалғасын табуда.
Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар