Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Бәрімізге жігер берді - АРҚА АЖАРЫ

Бәрімізге жігер берді

 Бұл  менің «Нұр Отан» партиясының съезіне үшінші  рет қатысуым. Съезге Елбасы қандай байламын жеткізер екен деп толқып барғанымыз рас. Бәрімізді де Мемлекет басшысының Президенттікке дауысқа түсетінін  мәлімдегені бір қуантып тастады.

  Елбасы біз арқылы дүйім жұртқа, әрбір қала мен ауыл тұрғынына үлкен сәлем жолдап, ризашылығын білдірді. «Қазақстанның және қазақстандықтардың игілігі жолындағы менің еңбегіме берілген жоғары баға үшін барлығына көп рахмет айтамын. Өз халқыңның мұндай сеніміне ие болудан артық марапат жоқ», – деген сөзін елге келісімен көпшілікке  жеткізуге тырысудамын.
Бұл жолы жүздеген делегаттың ішінен
Президент менің де қолымды қысты. Бойыма ерекше бір қайрат-жігер дарығандай, жігерлене түстім. Меніңше, Ұлт Көшбасшысы қазақстандықтардың болашағын жарқын ету үшін бар күш-білімін жұмсауға дайын, әрі президенттікке осы іс қолынан келетін бірден-бір  лайықты адам.
Ауданда қазір арнайы штаб құрылды. Мұнымен қоса, 41 сайлау учаскесінде  өз ортасында беделді 120 адам сайлауалды науқан барысында партияның атынан ұсынылған кандидатқа жан-жақты қолдау білдіретін болады.  Мен барша нұротандықтарды осы ортақ істен қалыс қалмауға шақырамын.
Өміртай ЖОМАРТОВ,
 «Нұр Отан» партиясы Еңбекшілдер аудандық
филиалы төрағасының бірінші орынбасары,
аудандық мәслихаттың депутаты, съезд делегаты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар