Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Дәрігер қыздарыма мың алғыс - АРҚА АЖАРЫ

Дәрігер қыздарыма мың алғыс

Үлкен-кішіміз науқастанып, жанымыз қиналған сәтте дәрігерлерге жүгініп, көмек сұрайтынымыз хақ. Сол кезде олар жылы жүзбен, аялы алақандарымен жанымыздан табылып, бәрі жақсы болады дегенде, сырқатымыздан айыққандай жеңілдеп қалатынымыз тағы анық.

Мысалы, мен тісімнен мехнат тартып, қай дәрігерге барайын деп жүргенімде, білетіндер Көкшетау қаласындағы «Бодрость» емдеу мекемесінің мекен-жайын берді. Сол тіс мамандарын іздеп келсем, бұл өзі табалдырығынан бастап кісіге деген мейірім сезілетін иманжүзді орта екен. Алдымнан сол мекемені басқарып отырған қызымыз ұшыраса қалып, мендей кәрі адамды жоғарыға өзі қолтықтап алып барғанда, ішім жылып сала берді. Ол қызымның аты-жөні Зәмзәгүл Едірісова екен.
Ал, енді мені емдеген дәрігер Ләззат Әбуова да бір мың болғыр бала болып шықты. Көмекшісі, медбике Дәметкен Толысбаева екеуі бір-бірін жарты сөзден түсініп, қолдарының жеңілдігін, жандарының шуақтығын өздері таңдап алған мамандықтарына деген сүйіспеншіліктен-ақ көрсетті. Сондықтан, тісімді жөндеп берген бұл қыздарыма шын жүректен ризамын. Мұндағы тағы бір келген науқастардан ем-домын аянбай, көптің көңілінен шығып жүрген қызметкерлердің бірі дәрігер Сәуле Қалымова екен. Ал, енді әр мекеменің аужайы жоғарыда айтқанымдай, кіргеннен-ақ сезіліп тұрады ғой. Қатардағы қызметкерлерден алдарына барған біздей науқастарға жылы жүзбен қарайтын Гүлнәр Әлімжанова сияқты қыздарымды қалай атамай кетейін.
Адам баласы мынау өмірдің бұйырған несібесін татып, жасы жетсе де, азырақ жарық дүниеде тұра тұрғысы келеді. Алла тағала солай жазуына тісіңнің дұрыс болуының да біраз септігі тиері бар. Соған қол ұшын беріп, кәріні құрметтеуде, кісі сыйлау білуде көңілімнен шыққан осы тіс емханасының жоғарыда есімдері аталған және қаламыма ілікпей қалған барлық қызметкерлеріне тек жақсылық тілеймін. Өмірде жолдары болып, халыққа тигізген шарапаттары алдарынан шықсын. «Баталы құл арымас» деп атам қазақ айтқандай, арасында өздерінен көмек сұрай келген біздей қарттардың да ризашылығына бөленіп, ақ батасын ала берсін.
Фарида НҰРҚЫЗЫ,
еңбек ардагері, зейнеткер.

Көкшетау қаласы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар