Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
НАУРЫЗ БАЙРАМИНГИЗ МУБОРАК БОЛСЫН! - АРҚА АЖАРЫ

НАУРЫЗ БАЙРАМИНГИЗ МУБОРАК БОЛСЫН!

Күні кеше ғана «Астана-Опера» театрында Қазақстандағы Өзбекстан жылының ашылу салтанаты болып өтті. Бұл бауырлас екі халықтың ынтымағы мен бірлігін одан әрі нығайта түспекші. Наурыз мейрамын өзбектер де шығыс халықтары сияқты ежелден атап өтіп келеді.

Өзбек халқы да дәстүрге сай Наурыздың 21-і мен 22-сінде үлкен-кіші жиналып, бар жақсы киімдерін киіп, елді мекендердің орталығына жиналады. Алдымен бас кейіпкер сайланады. Ол өзі жас әрі көрікті қыз бала болуы шарт. Яғни, «Бахор ханум» деп аталатын Наурыз мейрамының бас кейіпкері жауқазын көктем бейнесін еске салатындай болуы керек. Сосын ел арасынан беделді де сыйлы қариялардың бірінен «Декхон бобоны» сайлап алады. Бұл негізінен жермен айналысатын өзбек халқы үшін диқаншылық күнкөріс қамы ғана емес, асқан жауапкершілікті талап ететін жұмыс күші. Бау-бақша өсіру үлкен еңбекқорлықты талап етеді. Демек, өз ісіне мығым адам ғана жақсы өнім ала алады.
Міне, сондай еңбекқор қариялардың бірі жыл басында ақ батасын берсе, жыл ырысты болады деп болжанады. Наурыз мейрамының тағы бір кейіпкері «Момоер». Бұл – Жер-Ана! Өзбек халқы қашанда Жер-Анаға тағзым ету арқылы осы жерден несібесін тапқан. Мен білетін өзбектердің асханасы әлемдегі құнарлы тағамдардан құралған мол дастархандардың бірі. Жыл басы – Нау-
рыз мейрамында дастарханнан өзіміздің дәстүрлі палауымызға қоса, самса, тағы басқа дәмді тағамдар орын алады.
Наурыз мейрамына арнайы дайындалатын тағам – «сумаляк» деп аталады. Бұл тағам отқа қойылған үлкен қазанға қайнатылып, ұннан түрлі тәттілер қосып дайындалады.
Наурыз мейрамы келгенде әр үйдің есігі көрші-қолаң, меймандарына айқара ашылып, дастархан түрлі дәмдерден самсап тұрады. Бұл күні барлығы үй-үйді аралап, құтты болсын айтып, бір-бірінен дәм татады.
Наурыз мейрамын Қазақстанда тұратын өзбектер де жыл сайын мазмұнды атап өтеді. Қазақстан Президенті Н.Назарбаев «Өзбектер – бауырларымыз, жақын көршіміз және Орталық Азиядағы үлкен елдердің бірі», – деген болатын. Міне, сол себепті де Қазақстандағы Өзбекстан жылы болып жарияланған биылғы жыл біз үшін айрықша жауапкершілікті талап ететіні белгілі. Біз биыл да Көкшетаудағы Наурыз мерекесіне қатыса отырып, ыстық ықыласымыз бен ұлттық тағамдарымызды келушілерге қуана ұсынатын боламыз. Қазақстан – біздің ортақ Отанымыз. Сондықтан да, мерекелік концертте біздің ұлттық өнерімізді де тамашалайтын боласыздар.

Тажибуви МЕДЕТОВА,
өзбек ұлттық-мәдени орталығының төрайымы

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар