Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Арманыма жетелеген білім ордасы - АРҚА АЖАРЫ

Арманыма жетелеген білім ордасы

«Еңбектенсең бәріне де жетесің». Иә, өте дұрыс айтылған сөздер. Өйткені, еңбегім ақталып, мен жетістікке жеттім. Ата-анама ауыртпашылық салмай, жоғары оқу орнына өз күшіммен түсуді және бала кезімнен педагог болуды қаладым. Педагог болатыныма сенім білдірдім.

Қай қалаға баруым маңызды емес, маңыздысы менің армандарымның орындалуы еді. Алла Тағаладан әрқашан «Менің болашағымды жарқын етіп, барлық армандарым орындалатын жерге алып бар», – деп тілейтінмін. Міне, тілегім қабыл болып тәрбиеші мамандығы бойынша Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінде білім алудамын. Және армандарым біртіндеп орындалуда.
Оқу ордамның тарихына тоқталатын болсам, 1962 жылы Көкшетау педагогикалық институты болып ашылған. 1965 жылы институтқа Шоқан Уәлиханов есімі берілген. Былтыр университет атауын алған 20 жылдығы кең көлемде аталып өтті. Оқу орнында оқулықтар, ғылыми еңбектер, монографиялар, «Алау» газеті шығарылады. Республикалық және халықаралық конференциялар, «Шоқан оқулары» өткізіледі. Ресей, Египет, Польша, АҚШ, Канада, Германия елдеріндегі ғылыми орталықтармен байланыс орнатылған.
Тағы бір ерекшелік, университеттің жанынан сегіз жылдан астам тарихы бар «Жауқазын» студенттік театры жұмыс істейді. Мен осы театрдың мүшесімін. Жетекшіміз Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, режиссёр Құдайберген Насыров ағайдан біздің ұжымның үйренері көп. Ол кісі өнер тілін өмір тілімен түсіндіреді. Тек әртістік қабілетімізді ғана емес, адамгершілік қасиеттерімізді де қалыптастырады. Ал, театр мүшелері, әріптестерім бір шаңырақ астындағы бауырлар секілді.
Мен «Жауқазын» студенттік театрының мүшесі ретінде университетіміздің 20 жылдық мерейтойына, 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне және тағы басқа мерекелік кештерге қатыстым. Ең бастысы, 2017 жылы 13 наурыз күні қойылған «Дөкей келе жатыр» қойылымында Мәриям рөлін сомдадым. 14 мамыр күні Бұланды аудандық мәдениет үйінде «Тоғысқан тағдырлар» қойылымын қойдық және қалалық байқауда қойған өзбектің «Келіндер көтерілісі» спектаклінде ененің рөлін барынша ашуға тырыстым. Осылай сахнада өзімді еркін сезінуді меңгерудемін. Университетіміз театр мүшелерінің және жетекшіміздің еңбектерін бағалап, «Тұлпар» демалыс орнына жолдама берді.
Мен үшін Наурыз мерекесі маңызды күндердің бірі болды. Оған да оқу ордамның қосқан үлесі зор. Мен өзімді нағыз қазақтың қызындай сезініп, ұлттық киім киюді қаладым. Көп ұзамай бұл арманым да орындалып, университетіміз құрған киіз үй – «Шоқан ауылында» болдым. Ұлттық киіміміз бен алтыбақан тептік. Ұлттық тағамдардан дәм татып, қазақтың салт-дәстүрі, мәдениетінің өміршеңдігіне тағы да куә болдым. Өзімнің достарыммен осылай Наурыз мерекесін керемет тойладым.
Бұл өмірде менің ең басты арманым – туған елімнің өмірде адал, ісіне тиянақты бір азаматшасы болу. Мен қазақ халқын әлемге танытқан асыл жауhарларымыз шыққан Көкше жерінде осындай мәртебелі жоғары оқу орнында оқып жатқаныма қуаныштымын
Гүлжаухар САТАН,
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу бөлімінің 3 курс студенті.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар