Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қазақ прозасының қара нары - АРҚА АЖАРЫ

Қазақ прозасының қара нары

Көкшетаудағы әдебиет және өнер музейінде Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, әйгілі жазушы Ілияс Есенберлиннің туғанына 100 жыл толуына арналған «Қазақ прозасының қара нары» атты дөңгелек үстел болып өтті.

Әдеби кештің мақсаты – жерлес жазушы Ілияс Есенберлиннің жарқын бейнесін жас ұрпаққа жеткізу, қаламгердің шығармаларын насихаттау, әдеби туындыларында бейнеленген образдарды саралап, көркем шындық пен тарихи шындықтың ара жігін ажырату және автордың көркемдік әлемін барлау болып табылады. Осы орайда, жоғары және орта арнаулы білім ордаларынан келген студенттер мен оқушыларға жазушының әр жылдары түскен фотосуреттерінен слайд және жазушы өмірінен сыр шертетін бейнебаян көрсетілді.
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің филология факультетінің оқытушылары, филология ғылымдарының кандидаттары Аманжол Есмағұлов пен Сәбит Жәмбек қойылған сұрақтарға жауап беріп, жазушының «Көшпенділер», «Алтын орда» секілді тарихи романдары мен «Қатерлі өткел», «Ғашықтар», «Алтын құс» шығармаларына байланысты әңгіме өрбітті.
Сонымен бірге, іс-шарада қаламгердің туған жері Атбасар қаласында жазушының шығармашылығына арналған мұражайдың жұмыс істейтіндігі, қара шаңырағына мемориалдық тақта ілінгендігі және сол көше Ілияс Есенберлиннің атымен аталатындығы туралы ақпарат та ұсынылды.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар