Кеше жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері Бурабай ауданының Щучинск қаласында болып, осындағы жылу қазандықтарының жұмысымен танысты.
ымдастырған баспасөз саяхатының нысаны ретінде Щучинск қаласындағы бу қазандығы тектен-тек таңдалып алынған жоқ. Өйткені, жақында республикалық телеарналардың бірінде шаһардың қысқа жылу мерзіміне әзір болмай шыққаны жөнінде ақпарат тарап кеткен болатын. Сол себепті жергілікті журналистер осының ақ-қарасын анықтау үшін аталмыш нысандарда болған еді.
Шындығында, жылудың уақытша тоқтап қалғаны рас болып шықты. Осы арада айта кету керек, жылудың уақытша берілмей қалғаны отын қорының таусылғанынан немесе қазандықтардың қысқа маусымға дайын бол-
мауынан емес, өткен жылғы жылу ақысын төлемеген тұрғындардың қарызын қайтарып алу үшін жасалынған қадам көрінеді. Өйткені, қаланы жылумен қамтамасыз етіп отырған «Термотранзит» коммуналдық кәсіпорыны директорының міндетін атқарушы Виктор Бахматтың сөзіне қарағанда, тұрғындардың орталыққа қарызы 31 миллион теңгеге жеткен. Сондықтан, ол кәсіпорынның кредиторлық қарызын өтеп, қаланың алдағы қыстан қысылмай шығуына мазут сатып алу үшін осындай қадамға баруға мәжбүр болдық дейді.
– Жылу қазандығы қысқа дайын. Қазірдің өзінде 5 бу қазандығы 100 пайыз сақадай сай. Сондай-ақ, үш айға жетерлік 724 тонна мазут қоры да жасалынған. Осы күнге дейін тұрғындар жылу ақысы үшін 31 миллион қарыз болып келді. Жылуға қарызы барларға бірер күн жылу бермеу арқылы оның 14 миллион теңгесін өндіріп алдық. Алайда, жылу толық іске қосылған сәттен бастап, тұрғындардың жылу ақысын төлеуі үш есеге дейін кеміп кетті, – дейді кәсіпорын басшысы Виктор Бахмат.
Сондай-ақ, ол кейбір үйлерге жылудың уақытылы берілмегеніне «Энергетик» шағын ауданындағы 700 метр жылу жүйесін қалпына келтіру жұмыстарының сәл кестеден қалып отырғаны да себеп болғанын айтты. Мұнда жылу құбыры мен су құбыры қатар төселгені жылуды уақытылы жіберуге кедергі келтірген көрінеді. Дегенмен, қазіргі кезде барлық жөндеу жұмыстары аяқталып, қала толық 100 пайыз жылумен қамтамасыз етілген. Бұған журналистер қаладағы № 1-ші мектеп интернаты мен «Бөбек» бала бақшасында болғанында да көз жеткізді. Аталған білім ордаларында ішкі ауа температурасы 21-26 градус жылылықты көрсетіп тұрған жайы бар. Тұрғын үйлердегі жылу да тұрғындардың көңілінен шығып отырған көрінеді. Ендеше, қаланың қыстан қысылмай шығатынына сенім мол.
Бурабай ауданы.