Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ұлттық бірыңғай тестілеуді ұйымшылдықпен өткізу жағдайы талқыланды - АРҚА АЖАРЫ

Ұлттық бірыңғай тестілеуді ұйымшылдықпен өткізу жағдайы талқыланды

Шахмет Құсайынов атындағы Ақмола облыстық қазақ музыкалық-драма театрында «2018 жылы қорытынды аттестаттауды және ұлттық бірыңғай тестілеуді ұйымдастыру және өткізу» жөніндегі республикалық семинар өтті.

Шараға Астана қаласы мен Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қостанай және Маңғыстау облыстарының білім басқармалары мен білім бөлімдерінің өкілдері қатысты. Ақмола облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Ботагөз Дүйсенова мұғалімдер мен мектеп бітіретін түлектер үшін аса маңызды бұл шараны ұйымшылдықпен, ойдағыдай өткізуге дайындық жайын жан-жақты әңгімелеп берді.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бас маманы Ботагөз Қабатова қорытынды аттестаттауды және ұлттық бірыңғай тест өткізудің негізгі үрдістері туралы баяндады. Оның айтуынша, ағымдағы жылы ұлттық бірыңғай тест тапсыру ережесінде ешқандай өзгеріс жоқ. Дегенмен, тест тапсырушыларға ыңғайлы болуы үшін аздаған түзетулер енгізілген.
– Ұлттық бірыңғай тест бес пәннен тұрады: үшеуі міндетті және екеуі таңдауы бойынша. Бүгінгі күні тест тапсырмалары базасының 50 пайызы жаңартылды. Сонымен қатар, ұлттық бірыңғай тесті ағылшын тілінде де тапсыруға мүмкіндік беріледі. Қазірдің өзінде ағылшын тілінде тапсыруға ниет білдірген түлектер бар, – дейді Ботагөз Қабатова.
Ұлттық бірыңғай тестілеуді ағылшын тілінде тапсырғысы келетін түлектерден өтінімдер қабылдау 10 наурыз күні басталған. Бұл жұмыс мамырдың ортасына дейін жалғасады. Тестіні ағылшын тілінде тапсырғысы келетіндердің нақты саны сол кезде белгілі болмақшы. Баяндамашының сөзіне қарағанда, ағылшын тіліндегі сұрақтардың қазақша және орысша нұсқадан мазмұны жағынан айырмашылығы жоқ.
Семинар барысында Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының қоғамдық – гуманитарлық зертханасының меңгерушісі Бибігүл Мұқатаева «2018 жылғы мектеп бітірушілерді қорытынды аттестаттау» және Көкшетау қалалық білім бөлімінің әдіскері Ерлан Мұшанов «2018 жылғы Көкшетау қалалық білім беру ұйымдарында қорытынды аттестаттау және ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық» тақырыбында баяндама жасады.
Семинар соңында әр облыстан келген білім саласының өкілдері баяндамашыларға өздерінің сауалдарын қойып, жауап алды.

Аслан Оспанов.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар