Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Бірлік! Достық! Ынтымақ! - АРҚА АЖАРЫ

Бірлік! Достық! Ынтымақ!

Бірлік, достық, татулық ұғымдарының мағынасын жақсы түсінетін, қадірін білетін қазақстандықтар үшін мамырдың алғашқы күнінде атап өтілетін бұл мерекенің орны айрықша. Мереке күні бір кісідей облыс орталығындағы Тәуелсіздік алаңына жиналған көпшіліктің жүзінен ерекше ықылас байқалды. Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған салтанатты шара «Біз біргеміз» деп аталатын театрландырылған қойылыммен ашылды. Түрлі этнос өкілдері бір шаңырақ астына жиналып, халқымыздың ынтымағын паш етті. Еліміздің рухани жаңғырудың даңғыл жолына түскендігін, көздің жа-уын алатын астанамыздың күннен-күнге құлпырып, жастардың, болашақтың қаласына айналғандығы осы театрландырылған қойылым арқылы көрсетілді.
Осы орайда, Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театрының, «Көкшетау» мәдениет сарайы мен басқа да өнер ұжымдарының еңбегін жақсы жағынан атап өткіміз келеді. Жергілікті көркемөнерпаздардың концерттік бағдарламалары өзінің мазмұндылығымен, мағыналылығымен көпшілікке естен кетпес мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Жиналған қауым алдында құттықтау сөз сөйлеген облыс әкімі Мәлік Мырзалин Бірлік мерекесі Қазақстанда тұрып жатқан барлық ұлттардың ынтымағы мен бір-біріне деген достық ықыласының, барша отандастарымыздың жасампаздығының белгісі екенін атап өтті.
– Құрметті жерлестер! Көктемнің шуақты күнінде сіздерді Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын. Ата Заңымыздың «Біз Қазақстан халқы» деп басталуы тегін емес. Тәуелсіз ел атанып, әлемнің дамыған мемлекеттерінің қатарына қосылуымыз – бірлігіміздің, көреген Көшбасшымыздың салиқалы саясатының арқасында,– дей келе, облыс басшысы басқа өңірлерге қарағанда облысымыздың ең полиэтникалық аймақ екенін, бізде 100-ден астам ұлттар мен ұлыстардың тұратынын тілге тиек етті. Одан кейін орталық алаңда құрылған этномәдени бірлестіктердің павильондарын аралап, Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының Халықтық сәндік-қолданбалы шығармашылық шеберлері қауымдастығының көрмесін тамашалады.
Бірлікті әспеттеген сан түрлі ұлттың өкілдері достықты ту етіп, алаңда думандатты, мерекені дүркіретіп тойлатты. Этномәдени бірлестіктердің ұлттық тағамдары қойылған дастарханнан дәм татып, билерін, басқа да өнерін, жергілікті көркемөнерпаздардың қатысуымен өткен достық фестивалін тамашалаған қала тұрғындары да бір шаттанып қалды.
Осы мерейлі мерекеде «Қазақ тілі және мәдениеті» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мейрамбек Қиықовты жолықтырдық. Қоғам белсендісі Елбасымыздың «Біздің жеткен жетістігіміз де, шығар биігіміз де халықтың бірлігі» деген пікіріне толық қосылатынын айтып, ақжарма тілегін жеткізсе, «Ақмола облысының поляктары қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Александр Суховецкий 1 мамыр елімізде тұрып жатқан барлық этностардың өзінің салт-дәстүрін жарқыратып көрсететін ерекше мейрам болғаннан кейін поляк жастары мерекеге арнап краковяк, куявяк билерін, поляк тілінде бірқатар әндер дайындап келгенін айтты.
Осылайша таңсәріден басталған мерекелік шаралар легі кешке жастардың концерттік бағдарламасына ұласты. Бар сән-салтанатымен атап өтілген Бірлік мерекесі достығымызды бекіте түсіп, көпшіліктің жадында көпке дейін сақталатыны сөзсіз.

Венера ТАЛҒАТҚЫЗЫ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар