Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жаза басып, жауап берді - АРҚА АЖАРЫ

Жаза басып, жауап берді

Қазақстан Республикасы  Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінде өткен тәртіптік кеңестің кезекті отырысында бірқатар заң бұзушылықтар қаралды.

Отырыста алдымен Аршалы аудандық білім бөлімінің басшысы К.Досмағамбетоваға қатысты тәртіптік іс қаралуы керек еді. Ол өз қызметін асыра пайдаланып, Жібек жолы ауылындағы «Бөбек» бала бақшасының меңгерушілігіне С.Кенжебаеваны  негізсіз тағайындаған көрінеді. Осылайша бөлім басшысы Қазақстан Республикасының «Жемқорлықпен күрес туралы» Заңының 12-бабы бойынша құқық бұзушылыққа жол берген. Алайда, басшының өзі  денсаулығына байланысты тәртіптік кеңес отырысына келмегендіктен, іс кейінге қалдырылды.
Сондай-ақ, Бұланды аудандық ішкі істер бөлімі әкімшілік полиция бөлімшесінің учаскелік инспекторы А.Нұрымов та сыбайлас жемқорлыққа негіз болатын заң талабын бұзған. Ол әкімшілік істі сотқа жолдауда салғырттық танытып, белгіленген мерзімінен кеш ұсынумен болған. Учаскелік инспектордың кінәсі айқын көрініп тұрғанымен, тергеу жұмыстарын жүргізген департамент тергеушілері кейбір айғақтарды тәртіптік кеңес комиссиясы мүшелеріне ұсына алмағандықтан, оған қатысты нақты шешім шығарылмады.
Ал, Есіл ауданының Красногорск селолық округінің әкімі Ә.Сәдуақасова болса, «Шаңырақ» серіктестігіне артықшылық жасап, біреудің жерін заңсыз алып берген. Осылайша оның жемқорлыққа байланыс-ты қасақана құқық бұзушылық жасағаны анықталды. Кеңес мүшелері  Ә.Сәдуақасованы ауыл  әкімі қызметінен босату жөнінде ұсыныс жасайтын болып келісті.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар