Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Еңбектеріне ел алғысы шексіз - АРҚА АЖАРЫ

Еңбектеріне ел алғысы шексіз

Облыс әкімі Мәлік Мырзалин Медицина қызметкерлері күніне арналған салтанатты жиында денсаулық сақтау саласының қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, жиырма дәрігерге қызметтік пәтерлердің кілтін тапсырды.

– Жүздерінен мейірім төгілген ақ желеңді дәрігерлер жылы сөздерімен адам жанына қуат береді, аялы алақандарымен тән жарасын жазады. Адам жанының арашашысы дәрігер – мәртебелі мамандық. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Халық денсаулығы –
ол Қазақстанның өзінің стратегиялық мақсаттарына жетудегі табысының ажырамас құрамдас бөлігі. Халықтың денсаулығы –
дамудың ең маңызды тұтқасы, болашағымыздың кепілі» деп атап көрсеткен болатын. Кез келген мемлекеттің басты қазынасы – адам, ал, тұрақтылық пен гүлдену оның денсаулығы.

Сондықтан, денсаулық сақтау жүйесінің басты мақсаты – сапалы және қолжетімді медициналық қызмет көрсету, – дей келе, өңір басшысы Мәлік Мырзалин аймақтағы медицина қызметкерлерінің қатарын көбейту үшін болашақ мамандарды оқыту мәселелері бойынша жасалып жатқан жұмыстарға тоқталды. Қазіргі таңда өңіріміздің 200-ден астам жастарына медицина мамандығын меңгеруі үшін материалдық қолдау-көмек көрсетілуде.
Облыста денсаулық сақтау саласын жаңғыртуға айтарлықтай зор көңіл бөлініп келеді. Соңғы жылдары өңірімізде жаңа медициналық нысандар іске қосылып, қазіргі заман талабына сай технологиялар игерілуде, емдеу, аурудың алдын алу мекемелеріндегі медициналық құрал-жабдықтар түбегейлі жаңғыртылуда. Биыл облыстың медициналық қызметкерлері «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы бойынша бірқатар жоғары көрсеткішке қол жеткізді. Өңір басшысы Мәлік Кеңесбайұлы бұдан кейін медицина қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, баянды бақыт, ұзақ ғұмыр, жемісті еңбек тіледі.
Салтанатты шарада медицина саласының дамуына елеулі үлес қосқан бір топ мамандар «Денсаулық сақтау саласының үздігі», «Денсаулық сақтау саласына қосқан үлесі үшін» төсбелгілерімен және «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды. Олардың қатарында Қ.Құрманбаев атындағы облыстық туберкулезге қарсы күрес диспансерінің сарапшы дәрігері Сәуле Солтанбекова, жедел жәрдем стансасының қызметкері Ләйлә Айтжанова, Зеренді аудандық ауруханасының терапия бөлімінің меңгерушісі Гүлнәр Жақыпова, Көкшетау қалалық емханасының бас дәрігері Ғалия Сабатаева, Целиноград аудандық ауруханасының бөлім меңгерушісі Зәмзәгүл Ержановалар бар. Сондай-ақ, облыс әкімінің Алғыс хаттарымен Бұланды аудандық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Ольга Бугай, Сандықтау аудандық ауруханасының анестезиолог-реанимотологы Владислав Зиновьев және бірқатар қалалық және аудандық ауруханалардың дәрігерлері марапатталды.
Салтанатты шараның ең басты сыйы тұрғын үй комиссиясының шешімімен және облыс орталығындағы ауруханалардың бас дәрігерлерінің қолдауымен баспанаға зәру мамандардың жиырмасына қызметтік пәтер кілттерін тапсыру сәті болды. Баспаналы болғандар қатарында Ақмола облыстық ауруханасының дәрігерлері Алмат Өктем мен Анастасия Иванова, Көкшетау қалалық ауруханасының дәрігері Әсел Уахитова, облыстық балалар ауруханасының дәрігерлері Ерлан Әшімов пен Ақмарал Ибраева және тағы басқалары бар.
Салтанатты шара соңы «Көкшетау» мәдениет сарайының өнер ұжымдарының бағдарламалық концертіне ұласты.

Ыпысалды Шамшиева.

Суреттерді түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар