Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
«Бурабай PASS» картасы туристер үшін тиімді - АРҚА АЖАРЫ

«Бурабай PASS» картасы туристер үшін тиімді

Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалин өңірдегі туризмді дамыту мәселелеріне арналған кеңес өткізіп, Бурабай курортты аймағындағы туризм әлеуетін одан әрі дамытудың тың міндеттерін белгіледі.

Облыстық әкімдіктің мәжіліс залында өткен жиынға облыстық туризм басқармасының басшысы Данияр Идиятов және «Крокос» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өкілдері қатысты. Үстіміздегі жылғы тамыз айының бірінен бастап «Бурабай Pass» бірыңғай турист картасы сатылымға шығарылған екен. Бұл жеңілдік картасының арқасында қонақтар курортты аймақты 50 пайызға дейінгі жеңілдікпен аралай алады. Картаға «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркіндегі «Табиғат мұражайы» мен хайуанаттар бағын, сонымен қатар, өз таңдаулары бойынша бес экскурсияны аралау кіреді. Бұдан бөлек, мейрамханалар мен қонақүйлер қызметін арзан бағамен пайдалану мүмкіндігі де қарастырылған. Ересектер үшін де, балалар үшін де бір картаның құны 2200-2500 теңге.
Аталмыш картаның электронды нұсқасы да бар. Ол үшін www.burabay.city.pass сайтына кіріп, қай бағытта саяхат жасағыңыз келетінін таңдауыңыз қажет. «Крокос» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Алексей Погодаевтың айтуынша, аралайтын нысандар қатары көбейген сайын, жеңілдік те молая түседі. Бұл әсіресе, шетелден келетін туристерге өте ыңғайлы болмақшы. Оларға электронды маршруттық парақтан бөлек, Бурабайдың жергілікті картасы мен қазақстандық байланыс операторының сим-картасы қоса беріледі. Қазіргі таңда курортты аймақта туристер тамашалай алатын 29 экскурсиялық бағыт бар.
Облыс әкімі Мәлік Мырзалин «Крокос» серіктестігінің өкілдерін тыңдай келе, Бурабай курортты аймағында туризм әлеуетін дамытуға серпін беретін бұл жобаны алдағы уақытта Зеренді өңірінде де іске қосу жа-йында ұсыныс айтты. Сондай-ақ, Бурабайға алыс-жақын шетелдерден келетін туристер үшін бұл карта сатып алуға ыңғайлы болуы тиіс екендігін еске салып, осы шаруаны қолға алуды облыстық туризм басқармасына тапсырды.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Суретті түсірген
Төлеген ҚОСШЫҒҰЛОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар