Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Табиғат – адамзаттың басты байлығы - АРҚА АЖАРЫ

Табиғат – адамзаттың басты байлығы

 Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Әбілғазы Құсайынов Қостанай қаласының жұртшылығымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында Әбілғазы Құсайынов қостанайлықтарды сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарымен таныстырды. Бағдарлама экологиялық мәселелерді көтереді.
Ә.Құсайынов жиылған жұртқа тіршіліктің «жасыл» векторының ғылыми негіздемесі туралы, оның ішінде қоғамды кезең-кезеңмен экологияландырудың қандай күрделі әрі өзекті міндет болып табылатыны туралы әңгімелеп берді. Бұл – дамудың алдағы жоспарын мұқият зерттеу арқылы ғана қол жеткізуге болатын жаһандық мақсат.
Кандидаттың айтуынша, әлемдік экологиялық мәселелерге тиісті деңгейде назар аударылмауы, халықаралық пікір алмасуларда бұл тақырыптың тар шеңберде қозғалуы жаңа, абструктивті табиғи құбылыстар туындатуы мүмкін.
«Экология – адамзат тіршілігінің маңызды факторы. Біздің айналамыздағының бәрі – табиғат, біздің өмір сүріп жатқан ортақ әлеміміз. Технология ілгері дамыған сайын, «жасыл» орта осалданып барады. Оған дәлел ретінде, топырағы құнарлы жерлердің тапшылығын атап өтуге болады.
Бүгінде, бір адамды азық-түлікпен қамтамасыз етуге қажетті жердің көлемі, әлем бойынша, 21,9 гектарға тең. Ал, Жер шарының биологиялық мүмкіндігі 15,7 гектарды ғана құрайды. Яғни, өздеріңіз байқағандай, Жерді мекендейтін 7 миллиард адамның әрбіреуін таза, ластанбаған, құнарлы жермен қамту үшін кем дегенде 6,2 гектар жетіспейді. Бұл өте күрделі мәсе-ле», – деді Ә.Құсайынов.
Кездесу барысында кандидат, сондай-ақ, әлем бойынша бірегей табиғи кеңістіктердің күрт азайып бара жатқанын сөз етті. Мәселен, оның айтуынша, Жер шарындағы халқы көп аймақтарда жаһандық экожүйенің маңызды бөлшегі – батпақты жерлердің 90 пайызы мүлде жойылған.
«Экология – біздің ортақ үйіміз, ғаламшарымыз туралы ғылым. Ғаламшарымыз жалғыз, сондықтан оны көзіміздің қарашығындай сақтауымыз керек. Бұл туралы мектеп қабырғасынан бері айтылып келеді, бірақ, нақты іске келгенде мәселенің өзектілігі жойылар емес.
Мысалға, жаһандық жылыну проблемасын алайық. 20 ғасырдан бері орташа ауа температурасы 0,74 градусқа өсті. Мұның үштен екі бөлігі соңғы отыз жылға тиесілі. Тұрақты температуралық көрсеткіш ғасырлар бойы сақталып келген табиғат үшін бұл үлкен өзгеріс», – деді Әбілғазы Құсайынов.
Кандидаттың келтірген мәліметі бо-йынша, 19 ғасырдың соңынан бері әрбір жаңа онжылдық алдыңғысына қарағанда жылырақ. Бұл ғылыми қауымдастықтар мойындап отырған жалпыға аян ақпарат, бірақ, халықаралық деңгейде оған тиісті жауап табылмай отырғаны өкінтеді дейді ол.
Қостанай қаласының жұртшылығымен кездесу барысында кандидаттың сайлауалды штабының жетекшісі Рүстем Жоламан да экологиялық тақырыптың өзектілігіне тоқталды.
«Біздің заманымызда экология – шектеулі тіршілік көзі. Негізінен, оның шектеулі екені бұған дейін де белгілі болатын, бірақ, шексіз көрінген шикізат қорының таяздануы күн тәртібіндегі күрделі мәселеге айналды.
Сондықтан да, біз халықты экология ғылымдарының негізгі бағыттарымен таныстырып, аталмыш мәселеге мұқият көңіл бөлуге шақырамыз. Жасыл вектор үнемі таза ауа, құнарлы жер, ауызсу көздері мен Жер шарының атмосферасы сынды ең маңызды табиғат қорларының тапшылығы туралы өзекті мәселелерді меңзейді», – деді Р.Жоламан.
Кездесу соңында Әбілғазы Құсайынов экологиялық күн тәртібінің өзектілігіне тағы бір тоқталып, қала жұртшылығын жаһандық экологиялық мәселелерге көңіл бөлуге шақырды.
«Табиғат – адамзаттың басты байлығы. Оны қастерлеп, күтіп ұстау керек, ол – әр адамның, әрқайсымыздың басты міндетіміз», – деп қорытты өз сөзін Ә.Құсайынов.

 

 

Кеше Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Әбілғазы Құсайыновтың Қостанай облысындағы штабының жұмысы таныстырылды.
Сайлауалды насихат жұмысының барысы туралы штаб жетекшісі Рүстем Жоламан әңгімелеп берді: «Қостанай облысындағы сайлауалды штабымыз өз жұмысын бастады, ақпараттандыру қызметімен айналысатын сенімді тұлғалар белгіленді. Алдағы күндері насихат жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр, көптеген іс-шаралар өткізілетін болады. Оның ішінде студенттермен, кәсіпорындардың жұмысшы ұжымдарымен кездесулер ұйымдастырмақпыз. Әріптестеріміз кандидатымыздың сайлауалды бағдарламасын халыққа жеткізумен айналысады».

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар