Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Көкшетау көркейіп келеді - АРҚА АЖАРЫ

Көкшетау көркейіп келеді

Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалин Көкшетау қаласының бірқатар көшелерінде жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарының барысымен танысып, қала басшылығы мен мердігерлерге жұмысты ширатуды тапсырды.

Өңір басшысы алдымен Горький және Әуезов көшелерінің қиылысар тұсындағы жөндеу жұмыстарына назар аударды. Қазіргі кезде бұл жерде қаланың орталық көшелеріне түсетін жүктемені азайту үшін жол айрығы салынуда. Кешенді жұмыстар аталмыш жолдардың тас төсенділерінің тозығы жеткендіктен, сондай-ақ, жол қозғалысы қауіпсіздігі мен нормативтік талаптарға келмейтіндіктен қолға алынып отыр. Құрылыс жұмыстарының нәтижесінде қос көшенің қиылысар тұсы 3,5 метрге кеңейтілуде. Оған қоса, су ағарлар мен инженерлі коммуникация жүйелері ауыстырылып, жаяу жүргіншілер жолы мен бағдаршам, қоршау орналастырылуда.
Жөндеу жұмыстары Горький және Әуезов көшелерінің қиылысынан бастап, жолдың әр бағытында 100 метр аумақты қамтиды. Осы мақсатта бюджеттен 175,3 миллион теңге қаржы бөлініп отыр. Жоба бойынша жөндеу жұмыстары 15 қарашаға дейін аяқталуы тиіс. Оған қоса, Горький көшесінің Абай және Северная көшелерімен қиылыстарында екі жол айрығын салу жоспарда бар.
Ал, Ғабдуллин көшесінің бойында көпжылдан бері бірінші рет көпір салынуда. Набережный көшесі және Чайкин кентіндегі көпірлерді қалпына келтіру жоспарланған. Қаланың өзге көшелерінде де жөндеу жұмыстары қызу жүргізілуде. Бүгінгі күнге дейін Жеңіс, Сәтпаев, Әшімов, Ташенов көшелері жөнделді. Қазіргі кезде Бейбітшілік, Ғабдуллин, Вавилов, Наурызбай батыр көшелері жөнделуде. Әлі де жөндеуді қажет ететін көшелер жетерлік. Бұл бағыттағы жұмыстар одан әрі жалғасатын болады.
Облыс орталығындағы тұрғын үй аулаларын жөндеу, абаттандыру жұмыстары да ойдағыдай жүзеге асырылуда. Соңғы екі жылдың ішінде облыстық бюджеттен бөлінген қаржының арқасында Көкшетаудағы тұрғын үй аулалары жаңарып, көркейіп келеді. Көктем, Бурабай, Васильковка, Центральный шағын аудандарындағы 44 тұрғын үй ауласында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Қала көшелеріндегі күрделі жөндеу жұмыстарының барысымен танысқан облыс басшысы қала басшылығы мен мердігерлерге жұмысты ширатуды тапсырды.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар