Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Мақсатымыз халықты жұмыспен қамтып, әлеуметтік жағдайын көтеру - АРҚА АЖАРЫ

Мақсатымыз халықты жұмыспен қамтып, әлеуметтік жағдайын көтеру

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында халықты жұмыспен қамту бағытында жүзеге асырылуға тиісті бірқатар міндеттер белгіленген. Бұл құжатта жұмыс іздеу процесін жылдамдатып, ауқымын кеңейтуде «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылған электронды еңбек биржасы жобасы тиімді болды. Осыған орай, ағымдағы жылдың 8 қаңтарында елімізде электронды еңбек биржасы іске қосылды. Электронды еңбек биржасы мемлекеттік және жеке жұмыспен қамту орталықтарының ақпаратын, азаматтар мен жұмыс берушілер өздігінен ұсынған резюмелер мен бос жұмыс орындарының басын біріктіретін бірыңғай электрондық алаң.

Жаңа электрондық база азаматтарға, сондай-ақ жұмыс берушілерге, жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктеріне және интернет алаңшаларға тегін ақпараттық қызмет алуға мүмкіндік береді. Оған қоса, кез келген жұмыс беруші өз бос орындары туралы мәліметті еңбекпен қамту орталықтарында интернет арқылы өтініш бере алады. Жыл басынан бері электронды еңбек биржасы арқылы 9191 адам жұмысқа орналасса, оның 1451-і жұмыс берушінің бос орындар туралы өтініші бойынша.
Биылғы жылдың 1 қаңтарынан бастап атаулы әлеуметтік көмектің жаңа форматы енгізілді. Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмектің қазіргі әлеуметтік төлемдерден айырмашылығы, тұрмысы төмен отбасыларға немесе адамдарға көрсетілетін қолдаудың үш түрі бір пакетпен ұсынылады. Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 50 пайызынан төмен отбасыларға немесе азаматтарға шартсыз немесе шартты ақшалай көмек түрінде тағайындалады.
Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау үшін қолданылатын кедейлік шегінің мөлшері 50 пайызға дейін ұлғайтылып, 14 142 теңгені құрады. Біздің облысымызда жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмекті енгізу нәтижесінде жыл басынан бері барлығы 574 миллион теңге бөлінді. Тоғыз айдың қорытындысы бойынша әлеуметтік көмек 2263 отбасыға немесе 10315 адамға белгіленіп отыр. Мекен-жайы бойынша әлеуметтік көмек алатын адамдарды жұмыспен қамту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Биылғы жылдың сегіз айында осындай санаттағы 810 адам жұмыспен қамтылды. Оның 451-і тұрақты жұмысқа орналасты.
Жалпы, бүгінгі күні халықты жұмыспен қамту және әл-ауқатын арттыру мемлекеттік маңызы бар мәселе болып отырғаны белгілі. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың халыққа арнаған жыл сайынғы Жолдауларында адамдардың тұрмыс жағдайын жақсарту, әлеуметтік жағынан қорғау мәселесіне үнемі назар аударылып келе жатқандығы қуантады. Осы бағытта елімізде 2011 жылдан бастап «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы ойдағыдай жүзеге асырылып келеді. Аталған бағдарламаны жүзеге асыруда орындаушылық тиімділікті арттыру бағытында 2013 жылдың шілдесінен «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасы қабылданды. Бағдарламаның алғашқы кезеңінен бастап, оның негізгі мақсаты мен міндетін түсіндіру жұмыстары жан-жақты жүргізіліп, біраз оң нәтижелерге қол жеткізілді. Елбасы өзінің биылғы Жолдауында еңбек нарығының тиімділігін қамтамасыз етіп, әрбір адамның өз әлеуетін іске асыра алуы үшін жағдай жасаудың маңызы зор, деп атап өткен болатын.
Соңғы жылдары халықты жұмысқа белсенді түрде тартудың кешенді жоспары, яғни, әлеуметтік жұмыс орындары, жастар тәжірибесі, қоғамдық жұмыстар, кәсіби оқыту, шағын
несие беру арқылы жүзеге асырылуда. Әйтсе де, әлеуметтік салада түйткілді мәселелер де баршылық. Оларды жергілікті басшылар «Бизнестің жол картасы – 2020», «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламалары арқылы шешуге тиісті. Сол себепті, бұл бағытта қолға алынған жұмыстар одан әрі жалғасын табуда. Осы орайда, мықты мемлекет – ол оның еңбекке жарамды әрбір азаматының табысты жұмысқа орналасқан кезінде бола алады. Бұл Қазақстанның ішкі саясатындағы басымдықтардың бірінен саналады.
Жалпы алғанда, халықты әлеуметтік жағынан қорғау, жұмыспен қамтамасыз ету, әл-ауқатын арттыру сияқты алдымызда тұрған стратегиялық міндеттерді түгел қамтып, оны шешудің нақты жолдары айқындалған 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған бағдарламаны жүзеге асыру, бүгінде қордаланып қалған көптеген өзекті мәселелерді шешуге жағдай жасары анық. Біздің жұмысымыздың басты бағыты да дәл осы болмақшы.

Дина АХМЕТЖАНОВА,
Ақмола облыстық жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар