Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Киелі жердің баурайы да тарихтың тұнған сыры - АРҚА АЖАРЫ

Киелі жердің баурайы да тарихтың тұнған сыры

Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалиннің қолдауымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде қыркүйектің 17-сі күні Бурабайдағы Абылай хан алаңынан «Абылай ханның қара жолымен» сапарға шыққан экспедиция мүшелерінің «Көкшетау-Ақмола-Ұлытау-Түркістан» бағытындағы сапары одан әрі жалғасып отырғандығын «Арқа ажары» газетінің оқырмандарына бұдан бұрын хабарлаған болатынбыз. Бізбен үнемі байланыста болып отырған экспедиция мүшесі, облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Берген Жүмкей бүгін тағы да хабар жеткізді.

Ұлы Абылайдың қара жолымен сапарға шыққан экспедиция қазақ жерінің кіндігі болып саналатын қасиетті Ұлытауда көбірек аялдады. Бұл киелі өлкеде қандай сырларға қанығып, қандай жерлерді көзіміз көргенін бұдан бұрынғы жазбамызда баяндаған болатынбыз. Бұл жолы алдымен осында қаныққан тағы бір дерек, «Қара жорға» күйінің Абылай ханның күйі екендігін айтпақпыз. Осы кезге дейін қазақтардың «Қамажайдан» басқа биі болмаған деп келгендердің құлағына алтын сырға. Сол бидің музыкасы хан бабамыздың «Қара жорға» деген күйі екен. Оны шеттегі ағайындарымыз сақтап келген. Сол күйге салып би ырғақтарын ойлап тапқан. Бұл туралы «Қазақмыс» корпорациясы музейінің директоры, өлкетанушы Кенжал Балкенов егжей-тегжейлі айтып берді. Сөз орайында айта кетсек, бізді жолбасшы болып, осы Ұлытау, Жезқазған мен Түркістан жеріне бастап жүретін де осы Кенжал бауырымыз.
«Қара жорға» күйінің өз шығу тарихы бар. Жалпы, бүгінге дейін Абылай ханның отыз күйінің 12-сі белгілі. Қалған күйлерін іздеп тауып, нотаға түсіру болашақтың еншісінде екендігі анық. Абылай ханның қара жолымен шыққан экспедиция осы сапарында Ұлытаудың бауырындағы Хан ордасына да ат басын бұрды. Дәл осы жерде қазақ мемлекетінің негізін қалаушы Керей мен Жәнібек хандардан бастап ел басқарған хандар әр кезеңде ақ киізге көтеріліп, хан сайланған.
Қазақтың соңғы ханы, Абылайдың немересі Кенесары да осы жерде таққа отырған. Қазақ халқының отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық күресін бастаған батыр Ресей патшасы хан сайлауы ұғымын жоққа шығарса да, халық өзі Кенесарыдай айбарлы арыстанын киізге салып, хан сайлаған. Хан ордасына аяқ басқан сәтте ұлы бабамыздың аруағы біліп жатқандай, аспаннан нұр жауғанын да жақсы бір ырымға балаған жайымыз бар.
Хандарымызға, билеріміз бен батырларымызға ерекше құрмет көрсетуді абзал парыздары санайтын ұлытаулықтар аудан орталығында осы тұрғыда бірнеше ескерткіш орнатыпты. Өз заманының ел билеушілерінің тізімін де бүгінгі, келер ұрпақ білуі үшін айшықтап жазып қойған. Бұл да өткенімізге таудай құрмет. Экспедиция мүшелері бұл күні сондай-ақ, Хан орда қалашығына да соқпай кетпеді. Бұл қалашық 9-11 ғасырлар аралығындағы небір оқиғалардың куәгері. Ол кезең қазақ тарихында Қыпшақ дәуірі деп аталады. Шыңғыс хан академиясының академигі атағына ие болған жолбасшымыз Кенжал Балкенұлының айтуынша, өзіне небір тарихи жәдігерлердің сырын бүгіп, үнсіз жатқан дәл осы жерде Жошыны хан сайлаған.  Ұлы Абылайдың қара жолымен сапарға шыққан экспедиция қазақ жерінің кіндігі болып саналатын қасиетті Ұлытауда көбірек аялдады. Бұл киелі өлкеде қандай сырларға қанығып, қандай жерлерді көзіміз көргенін бұдан бұрынғы жазбамызда баяндаған болатынбыз. Бұл жолы алдымен осында қаныққан тағы бір дерек, «Қара жорға» күйінің Абылай ханның күйі екендігін айтпақпыз. Осы кезге дейін қазақтардың «Қамажайдан» басқа биі болмаған деп келгендердің құлағына алтын сырға. Сол бидің музыкасы хан бабамыздың «Қара жорға» деген күйі екен. Оны шеттегі ағайындарымыз сақтап келген. Сол күйге салып би ырғақтарын ойлап тапқан. Бұл туралы «Қазақмыс» корпорациясы музейінің директоры, өлкетанушы Кенжал Балкенов егжей-тегжейлі айтып берді. Сөз орайында айта кетсек, бізді жолбасшы болып, осы Ұлытау, Жезқазған мен Түркістан жеріне бастап жүретін де осы Кенжал бауырымыз.
«Қара жорға» күйінің өз шығу тарихы бар. Жалпы, бүгінге дейін Абылай ханның отыз күйінің 12-сі белгілі. Қалған күйлерін іздеп тауып, нотаға түсіру болашақтың еншісінде екендігі анық. Абылай ханның қара жолымен шыққан экспедиция осы сапарында Ұлытаудың бауырындағы Хан ордасына да ат басын бұрды. Дәл осы жерде қазақ мемлекетінің негізін қалаушы Керей мен Жәнібек хандардан бастап ел басқарған хандар әр кезеңде ақ киізге көтеріліп, хан сайланған.
Қазақтың соңғы ханы, Абылайдың немересі Кенесары да осы жерде таққа отырған. Қазақ халқының отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық күресін бастаған батыр Ресей патшасы хан сайлауы ұғымын жоққа шығарса да, халық өзі Кенесарыдай айбарлы арыстанын киізге салып, хан сайлаған. Хан ордасына аяқ басқан сәтте ұлы бабамыздың аруағы біліп жатқандай, аспаннан нұр жауғанын да жақсы бір ырымға балаған жайымыз бар.
Хандарымызға, билеріміз бен батырларымызға ерекше құрмет көрсетуді абзал парыздары санайтын ұлытаулықтар аудан орталығында осы тұрғыда бірнеше ескерткіш орнатыпты. Өз заманының ел билеушілерінің тізімін де бүгінгі, келер ұрпақ білуі үшін айшықтап жазып қойған. Бұл да өткенімізге таудай құрмет. Экспедиция мүшелері бұл күні сондай-ақ, Хан орда қалашығына да соқпай кетпеді. Бұл қалашық 9-11 ғасырлар аралығындағы небір оқиғалардың куәгері. Ол кезең қазақ тарихында Қыпшақ дәуірі деп аталады. Шыңғыс хан академиясының академигі атағына ие болған жолбасшымыз Кенжал Балкенұлының айтуынша, өзіне небір тарихи жәдігерлердің сырын бүгіп, үнсіз жатқан дәл осы жерде Жошыны хан сайлаған.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар