Жастарға керек емес

Жыл сайын 9 желтоқсан–Халықаралық жемқорлыққа қарсы күрес күні ретінде аталып өтіледі.

Біріккен Ұлттар Ұйымының осы шешіміне орай, Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті  «Біздің міндет – халыққа қызмет» атты жастар форумын өткізді.
Шараның ұйымдастырылуына «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы да атсалысты. Елбасы өзінің «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауында жастардың елдің негізгі тірегі екенін атап көрсеткен еді.  Ендеше, жемқорлыққа қарсы «нөлдік» төзімділікті қалыптастыру осы жастардан басталуы керек.
– «Еліміз Біріккен Ұлттар Ұйымының мүшесі ретінде оның жемқорлыққа қарсы конвенциясын қабылдады. Ендігі міндет – барлық деңгейдегі лауазымды тұлғалардың өз ісіне адал болуы.  Біз халық пен мемлекет мүддесін бәрінен де биік қоя білетін мемлекеттік аппаратты қалыптастыру үстіндеміз», – деді өз сөзінде форумды ашқан  департамент басшысы Нұржан Исақов. Бұдан кейін сөз алған Тәртіптік кеңес төрағасы  Қуаныш Жапақов бүгінгі студент жастардың ертең мемлекеттік органдарға қызметке келетініне сенім білдірді. Сонда  олардың осындай қылмыстарға баруын болдырмауға бағытталған ілкімді істер қазірден қолға алынуда.
Форум қатысушыларына енді лауазымды қызметте тек осыған білім-білігі сай азаматтардың ғана отыратындығы айтылды. Ол үшін арнайы тестілеулер мен әңгімелесулер өткізіледі. Осы сынақтардан сүрінбей өткендер ғана мемлекеттік қызмет саласында жұмыс істеуге мүмкіндік алмақшы. Яғни, іріктеу ашық, әрі бейтарап түрде жүргізілетін болады. Осы ашықтықты қамтамасыз ету үшін қазіргі таңда агенттік халықпен тығыз байланыс орнатуда.
Шараға қатысқан жастар да жиын барысында осы қатерлі дертпен күреске қатысты өз ойларын жеткізіп, түрлі ұсыныстарын ортаға салды.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар