Өнер сапарымен келеді

Алматыдағы Ғабит Мүсірепов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры ағымдағы жылдың 15-17 сәуірі аралығында Көкшетау қаласына гастрольдік сапармен келіп, театрсүйер қауымға өз өнерлерін ұсынбақшы.

Алпыс жылдан астам тарихы бар өнер ордасының гастрольдік сапар репертуарынан танымал ақын, драматург Иран-Ғайыптың «Естайдың Қорланы» махаббат-намесі, Сайд Ахмадтың «Келіндер көтерілісі» комедиясы, Георгий Хугаевтың тағылымы мол «Қара шекпен» әфсанасы мен балаларға арналған Ө.Боранбаевтың «Ер көжек» ертегісін тамашалай аласыздар.
Қойылымдар Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық- драма театрында өтеді. Ғабит Мүсірепов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының директоры – Сұлтан Срайлов, көркемдік жетекшісі – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Жастар одағы сыйлығының лауреаты Ерлан Біләлов.
Билеттерді театр кассасынан алуға болады.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар