Daily Archives: 06.01.2018

Күн – көркіне, ажарына – Ай қызыққан!..

Алма ағаштың бүріндей, аққудың көгілдіріндей, нәркескөз нәзік, ақылына көркі жарасқан қазақтың ару қыздарын көргенде кеудеңді мақтаныш сезімі кернейтіні бар. Әсіресе, сұлу сымбатына табиғи дарыны үйлесіп тұрса қандай ғанибет десеңізші! Аудандағы №5 Ақмол орта мектебінде музыкалық жетекші әрі аудандық мәдениет үйінің қызметкері болып жұмыс істейтін Фариза Едресованың бойында біз жоғарыда айтып өткен жақсы қасиеттердің барлығы табылады.

«Атадан ұл тумайды мендей сабаз!.. »

1835 жылдың жаймашуақ көктемі. Үйсін Дулаттың Шымыр руынан тарайтын Сәмбет атаның Далақайнардағы шоқ жұлдыздай шағын ауылы бір сәтте мамыражай күйден айырылған. Ел шетіне жау келген. Жалаңдаған жасақты жарақ. Қазаққа әбден тізесі батқан қанішер қоқандықтар еді. Онда да билеушілер емес, алым-салық жинаушылары. Әбден менменсіген жау мал-мүлікті олжалағанды былай қойып, қыз-келіншектерді де қорламақшы.

Өлікпен болған екі күн

Бұл – болған оқиға. Соттың үкімі де шықты. Алайда, адам баласының жанын түршіктіретін осы қатыгездік қалай пайда болған?! Мені осы бір сұрақ күні бүгінге дейін толғандырады.

I. Ол күз мезгілін жек көретін. Неге екенін кім білсін, әйтеуір оған жылдың бұл мезгілі ұнамай-ақ қойды. Тіпті, өзі осындай қоңыр күзде дүниеге келіп, қоңыр күзде әскер қатарына шақырылса да, қоңыр күзде алғаш рет шарап ішіп, шала мас болса да… Оның өмірінің ең есте қаларлық маңызды сәттері де осылар ғана сияқты.

Шаңғы мен биатлоннан алдамыз

Бокстан Азия чемпионы Теміртас ЖҮСІПОВ: «Арманым – 2020 жылғы жазғы Олимпиада!»

Өмірдерек: Теміртас Жүсіпов 1988 жылы 15 қаңтарда туған. Халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Қазақстан Республикасы чемпионатының төрт дүркін жеңімпазы. Азия чемпионы. «Астана Арланс» жартылай кәсіпқой клубының сапында дүниежүзілік бокс сериясы (WSB) Кубогының екі дүркін иегері. Қазақстан құрама командасының мүшесі.
Үйленген. Бір қызы бар. Қазіргі уақытта Ақмола облыстық жоғарғы шеберлік мектебінде спортшы-нұсқаушы.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында халыққа медициналық көмек көрсету мерзімі 2020 жылдың 1 қаңтарына шегерілді

2017 жылдың 13 желтоқсанында өткен ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында депутаттар «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру» заңында көзделген сенаторлардың түзетулерімен келісті.

«Алтын ғасыр» «ЦҮМ»-ге айналғаны несі?

Құқық қорғау ардагері

Ата-анасының айтқанымен жүріп, солардың өсиетін орындауға тырысқан адам өмірде ешқашан адаспайтынына кәміл сенемін. Себебі, ата-ана баласына ешуақытта жамандық тілемейді. Бүгінде асқаралы алпыс жасқа толып отырған ішкі істер полковнигі Серік Әркенов те өмірде жеткен жетістігінің барлығы да әке-шешесінің арқасында екеніне бек сенімді.

Өңірімізден шыққан тұңғыш Еңбек Ері

Атбасар ауданында өткен ғасырдың 40-шы жылдарында осы өңірде алғашқылардың бірі болып Социалистік Еңбек Ері атағын алған жылқышы Сәдуақас Аяндықовтың шыққанын мақтанышпен айтуға болады. Ол кісінің өмірі мен еңбегі бүгінгі ұрпақ үшін үлгі, өнеге боларлық. Бірақ, ол туралы сирек айтылғандықтан болар, қазіргі күнде есімі ұмыт бола бастаған. Сәдуақас Аяндықов толық емес дерек көздеріне қарағанда, Торғай өңіріндегі Терісаққан өзенінің бойында 1890 жылы қарапайым шаруа отбасында дүниеге келіпті. Бұғанасы қатпай жатып, байдың малын бағып, тіршілік қамын жасайды.

Ел қорғанысына қосар үлесіміз бар

Кеңес заманында Ерейментау қаласында орналасқан автокөлік жөндеу зауыты Түркістан және Батыс Сібір әскери округтерінің автокөліктерін күрделі жөндеуден өткізумен айналысты. Еліміз тәуелсіздік алған жылы бұл кәсіпорын «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің 811 әскери зауыты» республикалық мемлекеттік кәсіпорны болып, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери жөндеу зауыттарының құрамына кірді. Үкіметтің қаулысына орай, бұл зауыт 2004 жылы таратылып, «КИ 811 автокөлік жөндеу зауыты» акционерлік қоғамы болып қайта құрылып, «Қазақстан

Қант қызылшасы, жасымық, асбұршақ…

Соңғы жылдары Қазақстанның солтүстік өңіріндегі Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында жасымық, асбұршақ, қытайбұршақ, қант қызылшасы мен мақсары дақылдарына көңіл бөлініп, егіс алқабы көлемі ұлғая бастады.

Үлескердің мәселесі – басты назарда

Кездесулер, пікір алмасу, ой бөлісу және сұрақтар мен жауаптар

Парламент Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулиннің Ақмола облысына сапары